Менің елімде 5 үлкен атақты тау бар, олар: шығыс Тайшан тауы, батыс Хуашан тауы, оңтүстік Уйхыңшан тауы, солтүстік Үйхыңшан тауы және орталық Үйсоңшан тауы. Таулардың ішіндегі ең биігі — Хуашан. Ол аппақ бұлттармен астасып, қарлы шыңға жалғасады.
Хуа тауында Лиенхуа шыңы бар, оның үстінде ғибадатхана бар, сол храмда үш Әулие ананың керемет мүсіні бар.
Ол жерде атақты баулян шамы тұр, ол шамның жарығы өте алыс қашықтыққа дейін жетеді. Бұл шам таудағы жол сілтеуші бағдар шам.
Бір күні Дұңхайлоңның патшасы үлкен дастарқан жайып, әртүрлі сиқыршыларды жинайды.
Осы кезде дәл осы жерден өтіп бара жатқан оқымысты Лию Яан Шан жолшыбай бұл иен даладағы ғибадатханаға түнеп шығайын деп бұрылады. Храмға кірген бетте Әулие ананың мүсінін көреді. Тірі адам сияқты ерекше тартымды мүсін, оның көздері оған қадала қарап тұрғандай болады. Лию Яан Шан, оның қастарының арасына жасырынған жалғыздық сезімін байқайды. Ол күрсіне: «Әулие ана, егер мен сенің әлеміңе бара алсам, сенің ішкі жан сырыңды тындар едім», — дейді. Лию Яан жүрегі аттай тулап алып ұшып қабырғаға қашап, былай деп бір шумақ өлең жазады:
Егер түсіңе енсем Әулие ана,
Жанарыңа тұнған жайсыздықты жояр ем.
Періштелерді тамсантып,
Қасыңда қалғып қалар ем.
Жазып болғаннан кейін жатып ұйықтап қалады. Артынша Әулие ана мен Линчжы өлеңді көрді, бұған қызметші қыз Линчжы қатты ашуланды. Бұл Әулиені қорлау деп, өлеңді қабырғадан қырып тастамақшы болды. Осы кезде Әулие ана өлеңгеде және оқымыстығада қол тигізбеңдер деді. Екінші күні таңертең Лию Яан Шаң ұйқыдан тұрып, киім кешегін жинастырып, Ана мүсінін қимай-қимай таудан түседі. Лю Яан Шаң кетіп қалғаннан кейін, Әулие ана үнсіздікте қалып, тек терезеге қарап отырады.
Осы кезде қалың тұман түсіп, карыс қадам жер көрінбей, қасқыр, арыстан, қабыландардың ұлығандары ғана естіледі. Қорқынышты күй орнайды. Әулие ана қобалжып, Лиң Чжыға: «Әлгі жігітке қатер төніп тұр, Баулян шамын алып, оны құтқар» , — дейді.
Лю Яан Шаң тұманда адасып келе жатқанда алдынан бір арыстан шыға келеді. Мұндайды көрмеген қарапайым оқымысты, бір амалын табудың орнына айғайлай қаша жөнеледі. Қашып келе жатқанда жерге құлап қалады, осы сәтте Лиң Чжы келеді. Баулян шамының жарығынан арыстан қаша жөнеледі. Жігіт есін жиғанда, өзінің Әулие анадың алдында тұрғанын көріп, түсі ме, өңі ме түсіне алмай қалады. Лиң Чжы оған ренжи қарап: «Әулие ана қазір ғана сенің өмірінді құтқарды, ал сен болсаң әлі алғысынды да білдірген жоқсын», — дейді. Лию Яан: «Кеше кешке мен бір шумақ өлең жаздым, айып етпеңіз», — дейді. Лиң Чжы оны ананың айыптамағанын қайта сенің оқымыстылығыңды мақтады дейді. Осы кезде Әулие анадың екі беті қызарып, ұяла төмен қарайды, оны көрген Лиң Чжы: «Баулян шамы куәгер болсын, мен некелеріңді қияйын», — дейді. Осылайша олар ерлізайыпты болады. Екеуінің бақытты күндерін ешнәрсемен салыстыруға келмейді. Олар күндізтүні бірге болады. Айналасындағылардың барлығы оларға қызығады. Бір күні олар ғибадатхананың алдында табиғатқа тамсанып тұрғанда, Әулие ана оқымысты күйеуіне: «Бойымда сенін балаң бар, жақында өмірге келетін балаға есім таңдандар», — дейді. Лиң Чин сол кезде қолында Шыңсияң желпілдеткішін ұстап тұрған болатын, ол: «Есімің Шыңсиян қояйық», — дейді. Дәл осы сәтте Лиң Чжы асығыпаптығып жүгіріп келеді: «Ата мен әже келе жатыр, түрлері өте суық», — деді. Әулие анадың үйленгені туралы оған да жеткен болу керек. Әулие ана Лю Яан Шаңға тезірек кет дейді. Лю Яан Шаң: «Жоқ, мен өлсемде, кетпеймін», — дейді. Әулие ана оны жұбатып, оған қарсы бір амал табатынын айтып: «Сен осында болсаң, еш көмегің тимейді», — дейді. Лю Яан Шаң жылап таудан түседі.
Күйеуі кеткен соң Әулие ана кенеттен іші ауырып, дәл сол сәтте босанады. Әулие ана Атаның келуі жақсылыққа емес екенін біліп, ол жылап отырып, өзінің саусағын қанатып, қанмен хат жазады да, Лиң Чжыға баланы беріп: «Жалынамын, мына баланы өсіруге көмектес»,— дейді.
Лиң Чжы артқы есіктен шыға салысымен, Ата бөлмеге кіріп келіп: «Ұятсыз, өз бетінше үйленуге қалай дәтің барды», — дейді. Әулие ана: «Ақ бұлт қара бұлтты айдап келіпті, менің үйленуімнің саған еш қатысы жоқ», — дейді. Ата желдей ұшып келіп Әулие анады бассалмақ болады, Әулие ана өзінің қылышымен қорғанып қалады. Екеуі жұдырықтасады, Әулие ана жаңа ғана босанғандықтан әлсіз болды, бірнеше рет ұрған соң жеңіледі. Ата бірден оны ұстап алады да, Хуа тауының астына енді ешқашан күн көзін көрмейтіндей етіп зынданға салады. Оқымысты Лю Яан Шаң шенге ие болады, бірақ ол Әулие ананы ұмыта алмайды. Әдейі Хуа тауындағы ғибадатханаға келеді. Тек өрмекшінің торы мен суық сезінеді. Дәл осы сәтте Лиң Чжы бір баланы құшақтап кіріп келеді, оған Әулие анадың әңгімесін айтып: «Мынау сенің балаң, оны жақсылап тәрбиеле», — дейді. 13 жылдан кейін Шынсияң өте ақылды бала болып өседі. Бір күні ол сыныптасының аяғын басып кеткені сол: «Сен жұмбақ бала болған соң, сенің анаң да жоқ», — дейді. Шынсияң жол бойы жылап үйіне қайтады.
Ол әкесінен неге кішкентайымнан анамды көрмедім деп сұрамақ болады. Үйге кіргенде әкесінің дастарқан басында жылап отырғанын көреді. Үстел үстінде бір жапырақ мата жатады, ол мата Әулие анадың қанымен жазылған хаты болатын. Шынсиян матаны алып оқып, бәрін түсінеді де, әкесіне: «Мен ер жеттім, анамды құтқарамын», — дейді. Әкесінің қарсыласқанына қарамастан есі ауысқан адамдай, күн жүріп, түн жүріп әйтеуір Хуа тауына жетеді. Таудың жартысына жеткенде арыстан атып шығады, азулы тістерін көрсетіп ақырады, бірақ Шынсиян қашпай, өлімге тіке қарайды. Кім білген арыстанның оны көре сала қашып кететінін. Шынсиян осы кезде бір сиқыршыны көреді. Ол сиқыршы: «Сен Шынсиянсың ба? Мен сиқыршымын, сен анаңды құтқаруға келгеніңді білемін, мен саған көмектесемін»,— дейді. Сөйтіп сиқыршы баланың алдына түсіп, жол бастайды. Олар жол бойында қатты шаршайды, бірақ демалмайды. Бірақ олар шаршағандарына қарамастан тоқтамайды. Шынсиян анасын көру үшін ешнәрседен қорықпайды. Кенет олар өзенге тап болады, ол жерде көпір де, қайық та жоқ, амал жоқтықтан суға секіреді. Бұл жай өзен болмайтын, бұл аспан асты өзені екен. Шынсиян өзіне бір ерекше күш біткенін сезінеді. Шынсияң енді, қалың от лаулап жатқанын көреді, одан ары жол таба алмай қалады. Шынсияң ашуланып отқа секіріп кетеді. Ғажап! От өшеді. Жерден бір балта көрінеді.
Шынсияң анасын қай шыңның астында екенін білу үшін «ана, ана» деп айқай салады да, жылап жібереді. Осы сәтте Лин Чжы пайда болып: «Әдемі шыңға қарай бетте, анаң сол шыңның астында»,— дейді.
Шынсиян бойындағы күшін қолданып, тауды қозғалтып, тауды екіге бөледі, сол кезде Әулие ана көрінеді. Сөйтіп он үш жылдың қорлығы да бітеді. Анасы мен баласы бақыт құшағында қауышады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі