Шя 夏 патшалығы тұсында су істерімен айналысатын Гу есімді адам болатын. Бір жолы үлкен сел болып, патша Гуге суды тоқтатуды бұйырады, алайда су тоқтамайды, патша Гуды өлтіреді. Осы кезде Үй әкесінің орнына су істерімен өзі айналысады, бірақ әр жылы су арнасынан асып, халықты әбден шаршатады. Алайда Үй өте қатты еңбектеніп, Тайшан тауынан домалақ тас әкеліп суды тоқтатады, кейіннен сол тастың бүгінгі Шандұңдағы Шаңбайшан тауына айналғаны жөнінде аңыздар пайда болады. Бұдан басқа, Шанши өлкесінде Үйдің ел басқару ісіне белсене араласқандығы, жұрттың қамы мен елдің бақыты үшін еткен ершімді еңбектері жөнінде аңыздар бар. Бұл -бүгінгі биліктегілерге тәрбиелік мәні өте жоғары аңыз болып табылады. Үй жайындағы бұл аңызда мифологиялық сананың барлығы, ұзақ замандардан бері осы бір аңыз әңгіме тарихи түс алумен қатар, саяси түс алатындығы, мысалы, халықты құтқару үшін, селді тоқтатуға жасаған әрекеттері, патшаның қол астындағы уәзірлерімен жасаған жиналысы, кінәлілерді жазалауы, орнына басқа адамды жұмысқа тартуы қатарлы істері кемеліне келген патшалықты көрсетеді. Сонымен бірге, аңыздағы бас кейіпкер Үй Конфуций ағымымен сусынданған адам екенін айқын аңғартады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі