«Үй Гоңның тау көшіруі» атты бұл аңызды қытайдың ұлы көсемі Маузыдуң: «Адамды жігерлендіретін, тәрбиелейтін тамаша аңыз», — деп бағалаған болатын. Бұнда ертеде жасы тоқсанға таяп қалған Бишан тауының баурайында Үй Гоң деген шал болыпты. Оның есігінің алдында үлкен екі тау бар екен. Ақсақал бала-шағасымен ақылдасып, үйге кіріп-шыққандарына кедергі жасап отырған осы екі тауды тегістеп тастауға келісіп, қолдарына күректерін алып еңбекке кіріседі, ұзақ жылдар бір тынбай еңбектенеді, көргендер таңырқап: «Ақымақ шал, бұл болмайтын шаруа ғой», — деп оны жазғырып келемеждейді. Сонда Үй Гоң оларға былай деп жауап береді: «Мен өлсем, балам қазады, балам өлсе, оның баласы қазады, ол өлсе, оның баласы қазады, осылай табандылықпен жалғастырсақ, несі қалады, бітпегенде?!» — деп жауап береді. Олардың бұл ісі тәңірді қатты әсерлендіреді, содан кейін тәңір екі періштесін жіберіп, тауды бір түнде тегістетіп тастайды. Бұл аңыз шынымен де «Талапты ерге нұр жауар» деп, адамның ерлік жігерін шыңдап, қашан да жеңіске жетелейтін, тәрбиелік мәнге ие аңыз болып табылады. Ежелден бері күні бүгінге дейін әдебиетшілер, өнерпаздар, тарихшылар осы аңызды өз кәдесіне жаратып отыр.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі