Өлең, жыр, ақындар

"Мәңгілік Ел" стелласы

ҚАЗҰУ-да «Мәнгілік ел» сағаты бой көтерді.

5-шы қараша күні, Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті тарихындағы ерекше күн. Себебі дәл осы күні тәуелсіздігіміздін 30 жылдығына арналған «Мәнгілік ел» сағат стелласы салтанатты түрде ашылды. Бұл архитектуралық нысан, ҚАЗҰУ-ның түлектерінің университетке сыйлаған тартуы болатын. Сағаттын ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, түлектер қауымдастығының президенті -Қайрат Мами, Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы-Әбдірашид Жүкенов жәнеде ҚАЗҰУ-дың басқарма төрағасы, ректоры-Жансеид Түймебаев, мемлекет және қоғам қайраткері-Олжас Сүлейменов, ҚАЗҰУ-дын құрметті профессоры 1983 жылғы түлегі-Салтанат Байқошқарина сынды тағыда басқа зиялы қауым өкілдері, Нұр-Сұлтан және Алматы шахарынан арнайы келген меценаттар мен университетің оқытушы профессорлары жәнеде білім алушылар жастар қатысты. Шараға арнайы шақырылған меймандар сөз сөйлеп, ашылумен құттықтады. «Мәнгілек ел» сағаты биіктігі 19.3 м болатын стеллага орнатылған, нысан құрылысының негізгі іргетасы төрт тұғырлы биік бағаналармен бекітілген. Қалашықтан орын тепкен сағат стелласы студенттердін жие жүретін жолында орналасқан. Бұл архетектуралық нысан әлемдік денгейдегі студенттік кампустын ғана емес, Алматы қаласынында көркін артады деп айтуда. Салтанатты шара университеттін дайындаған концерттік шарамен аяқталды.

Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Т.Ғ.К Жұмаділ Махаббат Тоқтарғызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер