Өлең, жыр, ақындар

Ит туралы мақал-мәтелдер

Жаман иттің атын «Бөрібасар» қояды.
 
*** *** *** ***

Ит ішіне сары май жақпайды.
 
*** *** *** ***

Қабаған ит қайыр байлайды.
 
*** *** *** ***

Жақсы ит иесінің көз-құлағы.
 
*** *** *** ***

Бұралқы ит үріп жағады.
 
*** *** *** ***

Итті тепкен, ырысты тебеді,
 
*** *** *** ***

Итті күшігім десең — аузыңды жалайды.
 
*** *** *** ***

Ит үреді, керуен жүреді.
 
*** *** *** ***

Ит құтырса — иесін қабады.
 
*** *** *** ***

Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.
 
*** *** *** ***

Иттің бәрі тазы болмас,
Еттің бәрі қазы болмас.
 
*** *** *** ***

Ит атасын танымас.
 
*** *** *** ***

Бір ит көріп үреді,
Екі ит еріп үреді.
 
*** *** *** ***

Ит жемес асынан дәметеді.
 
*** *** *** ***

Қазаныңнан қақпақ кетсе,
Иттен қанағат кетер.
 
*** *** *** ***

Ит тойған жеріне,
Ер туған еліне.
 
*** *** *** ***

Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.
 
*** *** *** ***

Ит итті жұмсайды,
Ит құйрығын жұмсайды.
 
*** *** *** ***

Жақсы ит өлімтігін көрсетпес.
 
*** *** *** ***

Ит иесі үшін жүгіреді,
Құс тамағы үшін ұшады.
 
*** *** *** ***

Ит — жеті қазынаның бірі.
 
*** *** *** ***

Итті тепкен ырысты тебеді.
 
*** *** *** ***

Өлсе — ит терісі, өлмесе — қой терісі.
 
*** *** *** ***

Иттің ырылдасқаны — амандасқаны.
 
*** *** *** ***

Итке артқан қос жолда қалар.
 
*** *** *** ***

Ит не жесе соны құсады.

*** *** *** ***

Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді. 

Қажетті сілтемелер:

Тіл туралы мақал - мәтелдер

Сайттағы барлық мақал - мәтелдер

Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер

Отбасы туралы мақал - мәтелдер

Достық туралы мақалдар

Достық туралы ұлағатты сөздер

Достық, татулық туралы мақал-мәтелдер

Ұлағатты сөздер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (12)

Бекзат

Ит туралы ең мықты мақал-мәтелдер

Нәрлі

Өте керемет маған қатты ұнады, мен естіген ең керемет мақал-мәтел.

Мәулен Інжу

Ит жеті қазына
Итті тепкен,ырысты тебеді

Учиха_Алик

Өте керемет,мағыналы екен

Учиха_Алик

Өте мағыналы маған ұнадв

Учиха_Алик

Маған ұнады

Айша

Маған ұнады

Арука

«Ит туралы мақал-мәтелдер» қазақ тіліндегі халық даналығын жақсы көрсетеді және күнделікті өмірде қолданылатын мақал-мәтелдерді жинақтап береді.

Келтірілген мақал-мәтелдер — иттің мінезі, қасиеті мен адам тізіміне қатысты ойлар арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынасты, сенімділікті және тәжірибені білдіреді.

Мысалы, «Жақсы ит иесінің көз-құлағы», «Ит үреді, керуен жүреді» сияқты мақал сөздері арқылы ит пен адам арасындағы байланыс пен мағыналы ұғымдар жақсы ашылған.

Оқушылар мен қазақ тілін үйреніп жүргендер үшін бұл мақала — тіл байлығын арттыруға және мақал-мәтелдерді грамматикалық тұрғыда түсінуге пайдалы ресурс.

Жанар

Өте керемет маған ұнады, пайдама жарады рахмет!

Роналду

ҰНАДЫ

Асан

Оқушылар мен қазақ тілін үйреніп жүргендерге бұл мақаланың тілі мен мазмұны тил байлығын арттыруда өте пайдалы әрі грамматикалық тұрғыдан түсінікті материал екенін айта аламын. Осындай мақал-мәтелдер арқылы қазақтың даналық сөздерін күнделікті өмірде қолдануды үйренуге болады.

Қазақ тілінің мәдени, педагогикалық және рухани қырларын ашатын мақалалар оқырманға тек тіл үйрену үшін ғана емес, ұлттық ойлау тәсілін тереңірек түсіну үшін де маңызды.

Фұрқат

Супер жинақ!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз