Жиен ел болмайды, желке ас болмайды.
*** *** *** ***
Жиен неге ел болмасын жайлы болса,
Желке неге ас болмасын майлы болса.
*** *** *** ***
Нағашымен күрескен жиен жығылады.
*** *** *** ***
Жиеннің назары жаман.
*** *** *** ***
Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды.
*** *** *** ***
Жиен нағашысына тартады.
*** *** *** ***
Балалығыңды сағынсаң,
Нағашыңа бар.
Жігіттігіңді сағынсаң,
Қайныңа бар.
*** *** *** ***
Балдыз болса қаншалық,
Бажа болар соншалық.
*** *** *** ***
Жиен мыңнан үлкен,
Күйеу жүзден үлкен.
*** *** *** ***
Жиен жеткізеді.
*** *** *** ***
Үйдің жақсы болуы — ағашынан,
Жігіттің жақсы болуы — нағашыдан.
*** *** *** ***
Туыс — тау, қайын — қанат, нағашы — нар.
Қажетті сілтемелер:
Сайттағы барлық мақал - мәтелдер
Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер
Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Достық, татулық туралы мақал-мәтелдер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Сара
Нағашы-жиен туралы ең мықты, әдемі мақал-мәтелдер
Айару
Нағашы туралы мақал-мәттел
Аружан♥️
Өте күшті мақал мәтелдер екен күшті????
Аружан
Күшті екен
Марат
«Нағашы‑жиен туралы мақал‑мәтелдер» жинағы — қазақтың отбасылық қатынастар мен туыс‑жақындықты бейнелейтін халқымыздың даналық сөздері. Мақал‑мәтелдерде нағашы мен жиен арасындағы қарым‑қатынас, сыйластық пен бір‑біріне деген құрметтің маңызы суреттеледі. Мысалы, ‘Жиен ел болмайды, желке ас болмайды’ сияқты нақылдар отбасының бірігуі мен ортақ тіршіліктің құндылығын айқындайды. Сонымен бірге ‘Балалығыңды сағынсаң, нағашыңа бар’ деген сөздер қазақ қоғамындағы сағыныш пен жылулық сезімді білдіреді. Осындай мақал‑мәтелдер оқырманға туыс‑жеке қатынастардың мәнін түсінуге және ұлттық салт‑дәстүрдің терең маңызын сезінуге көмектеседі.