«Диуани Хикмет» («Ақыл кітабы») — Қожа Ахмет Иасауидің сопылықты (суфизм) жыр еткен әдеби шығармасы.
Қожа Ахмет Иасауи қазақ даласында ислам дінінің нығаюына зор ықпал жасаған ғұлама, әулие адам болған. Шамамен 1093 жылы (кейбір деректерде 1041, 1103 жылы) ежелгі Исфиджаб қаласында дүниеге келген. 1166 жылы Иасы (Түркістан) қаласында қайтыс болған.
«Диуани Хикметтің» түпнұскасы сақталмаған. Сақталған көшірмелерінің ішіндегі ең ескі нұсқасы XV ғасырдың орта кезінде араб әрпімен жазылған. Бертін келе «Диуани Хикмет» Қазан (1887-1901), Стамбұл (1901), Ташкент (1902 -11) баспаларынан жарық көрді.
Ақын өз кітабын Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде дүниеге әкелген. Бұл араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадистерді жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар осы кітап арқылы түркі халықтары сопылық ағыммен кеңінен танысты. «Диуани Хикмет» — әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін шығарма. Оның авторы — ақын, түркі халықтарының рухани көсемі, діни ғұлама Қожа Ахмет Йасауи.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі