Ми — өзінің құрылымы жағынан ғана емес (10-15 миллиард нерв клеткасы бар), сонымен бірге ол өзінде өтіп жататын физиологиялық процестердің сипатына қарай да өте күрделі зат. Адам миының салмағы жалпы дене салмағының 2,17 процентіне, ал барлық бұлшық еттер дененің 30-40 процентіне тең.
Ми бірнеше бөліктен тұрады. Әр бөлік белгілі бір тек өзіне ғана тән қызметті атқарады. Оларда барлық органдардан сигналдар немесе әдетте айтылатындай, импульстерді қабылдайтын және сол органдарға жауап сигналдар жіберетін ядролар мен орталықтар (центрлер) болады. Мида тыныс алуды, қан айналысын, аяқ-қолдың қозғалысын, ас қорытуды реттейтін, иіс сезетін, дыбысты ажырататын, көру орталықтары бар. Мида сезімді басқаратын, тамырдағы қан қысымын, тердің бөлінуін реттейтін ядролар орналасқан. Бір сөзбен айтқанда, адам қызметінің бірде-бір формасы мидың басқаруынсыз атқарылмайды.
Мидың ең маңызды бөліктерінің бірі және оның ең жетілген бөлігі — үлкен жарты шарлар қабығы. Ол адамның бүкіл нерв-психикалық қызметінің орталығы болып табылады. Барлық нерв клеткаларының жартысынан көбі мидың үлкен жарты шарларында орналасқан. Ми қабығының жалпы көлемі 1670 шаршы сантиметрдей.
Жануар өзінің биологиялық дамуы жағынан жоғары болған сайын, оның үлкен жарты шарлар қабығы да жақсы дамып жетіледі. Мысалы, итпен салыстырғанда маймылдың жарты шарлар қабығы дамыған, ал иттікі жылқының немесе үй қоянының жарты шарлар қабығынан жақсы жетілген. Балық пен құрбақада үлкен жарты шарлар қабығы мүлде жоқ.
Ми қабығының астында табиғаты жағынан оның көне бөлігі болып табылатын ми қыртысы орналасқан. Организмнің барлық вегетативтік функциясы — тамырлардағы қан қысымын реттеу, дененің температурасы мен организмдегі алмасу процесстерін бір қалыпта ұстау осы араға жинақталған.
Мидың бұл бөлігі организмнің әр учаскесіндегі ауыруды аса күшті қабылдайды, ішкі органдарының жұмысын басқарады. Басқаша айтқанда, мидың қыртыс бөлігі санаға бағынбайды, автоматты түрде қызмет етеді. Ми қабығы жоқ жануарларда, қыртыс мидың жоғары бөлігі болып табылады. Адам ми қыртысы құрылымының қызметі ми қыртысының жұмысын бақылап, оны қажетті арнаға салып отыратын жоғарыда жатқан үлкен жарты шарлар қабығының қызметімен тығыз байланысты болады.
Оқуға кеңес береміз:
Cпорт миды тынықтырады - ғалымдар
Менингит (миқұрты) жайлы сенуге болмайтын 9 әпсана
Темекінің миға беретін зияндары
Миға пайдалы және зиянды өнімдер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі