Тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстаған 29 жыл ішінде Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Кез-келген сала да алдыңғы орыннан көрінді. Ел даумының ерекше белгілерін көрсеткен жетістіктер қатарында спорт пен туризмнің бары анық. Спортшыларарымыз халықаралық ірі додаларда топ жарып, ел мерейін асырғанда, бөркімізді аспанға атып, ерекше қуанғанымызда рас. Тіпті кейбір дамыған алпауыт елдердің өзі спорт саласында Қазақстанның шаңына ілесе алмайды. Спортшыларымыздың биік жетістіктері арқылы да елімізге қаншама туристер ағылды. Кең байтақ дархан даламызда туристер қаптайтын орындар жетерлік. Қасиетті мекендер, ғажайып жаратылысты таулар, өзен-көлдер, заманауи ескерткіштер еліміздің әр өңірінде толып жатыр. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстан тарихында елеулі жетістер қатарынан орын алған спорт пен туризм тақырыбына көз жүгіртуді жөн санадық.
Ел имиджінің бір көрсеткіші болып - спорт жетістіктері есептеледі. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында да спорттық жетістіктер біршама. Қазақстан имиджінің спорттық қыры экономикалық тұрғыдан да және саяси тұрғыдан да басым тактикалық бағыттардың бірі ретінде қарастырылады.
Дене тәрбиесі және спорт әлеуметтік құрылым мен қоғамды дамытудың функционалдық негіздеріне тығыз байланысты. Көп жағдайда олар термометрі бола алады, яғни оның даму деңгейін көрсетеді.
Сондықтан кез келген ел спортшыларының спорттық жетістіктерінің деңгейі олардың танытатын әлеуметтік құрылым қуатының және жалпы ұлттың өміршеңдігінің айқын көрсеткіші ретінде қарастырылады.
Қазақстандық спортшылардың жеңістері еліміздің халықаралық аренадағы имиджін қалыптастыруға септігін тигізеді. Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, спорттың арқасында басқа мемлекеттер біздің еліміз - Қазақстанды, біздің адамдарымызды біледі.
Тәуелсіздік алғалы бері қазақ спортшылары көптеген әлем чемпионаттары мен олимпиадалардан жүлделі орындар алып, көк туымызды көтеріп, елімізді әлемге танытып жүр. Жүлделі түсімнің негізгі үлесі спорттың жазғы түрлерінің өкілдері жинады – 52 медаль (16 алтын, 17 күміс және 19 қола). «Қысқы жолдарда» жеті олжа бар (1-3-3). Бокс қазақстандық спорттың көшбасшысы. Біздің спортшылар бес Олимпиада ойындарында ел 17 марапат жеңіп алды (6-5-6). Екінші орынды осы көрсеткіш бойынша штанга көтерушілер алды (5-4-1). Үздік үштікке 3 (2-0-1) спортшы кіреді. Одан кейін ең табысты олимпиадалықтардың бейресми республикалық рейтингінде грек-рим стилінің күрескерлері (1–1–4), велосипедшілер (1–1–0), бессайысшы (1-0-0), еркін күресшілері – (0-3)-5), садақ ату (0-2-1), дзюдо күрескерлері (0 - 1 - 0) және тхэквондо күрескерлері (0 - 0 - 1). «Ақ» ойындарда подиумға төрт спорт түрінің өкілдері шықты. Біздің еліміз үшін шаңғышылар – 4 (1 - 2 - 1), биатлоншылар (0 - 1 - 0), мәнерлеп сырғанаушылар (0 - 0 - 1) марапат жеңіп алды.
Сол өткен спорттық додаларда бізге ең табыстысы, әрі мықты бәсекелестіктердің бірі 2012 жылғы Лондонда болған Олимпиада ойындары.Бұл Қазақстанның Олимпиада ойындарына 5-ші рет қатысуы.Жарысқа Қазақстаннан 25 спорт түрінен 115 спортшы қатысқан. Қазақстандық команда жүлделердің рекордтық санын ұтып алды – 13 (7-1-5). Командалық есепте біздің делегация 12 орында болды. Ауыр атлетика спортынан 4 алтын медаль иегерлері бар. Олар Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин атты штангашыларымыз. Велоспорттан 1 алтын: Александр Винокуров. Жеңіл атлетика 1 алтын: Ольга Рыпакова. Күрестен 3 қола:Грек-рим күресінен Даниял Гаджиев, ал еркін күрестен Гузель Манюрова және Ақжүрек Таңатарова. Бокстан 1 алтын, 1 күміс, 2 қола иемденді спортшыларымыз: Серік Сәпиев, Әділбек Ниязымбетов, Марина Вольнова және Иван Дычко. Міне, осы спортшыларымыз 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап, жүлделермен оралды.
Олардан бөлек ел намысын қорғап, Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген басқа спортшыларымыз да бар.Атап айтсақ: бокстан әлемдік деңгейде шығып жүрген Генадий Галовкин, Қанат Ислам, Данияр Елеусінов және т.б., дзюдо күресінен әлем чемпионаттары мен Олимпиадаларда өнер көрсетіп, ел сенімін ақтап жүрген спортшыларымыз Елдос Сметов, Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев, Отгонцецег Галбадрах, Ерлан Серікжанов және т.б. сынды спортшыларымыз бар. Футболға тоқталатын болсақ Еуропа Лигасында өнер көрсетіп жүрген бас қаламыздан шыққан «Астана» футбол командасы бар.
Бұның бәрі еліміздің спорттағы жетістіктерінің аз ғана бөлігі. Осы екпінде жалғастырса қазақ спортшылары бұданда биік белестерге жетеді деген сенімдемін. Бізден оларға керегі моральдік көмек пен барынша қолдау. Біз де олар сияқты еңбектеніп, әр салада елімізге өз пайдамызды тигізуіміз керек. Сонда ғана еліміз көркейіп, дамып, қадамы өрге басады. Бұл менің өз ойым.
Авторы: Ахметжан Бексұлтан
М.Т.Жұмаділ. т.ғ.к.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі