Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған апталық

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған апталық қорытындыланған болатын. Аптаның соңғы күнінде университет студенттері Сүйінбай Аронұлы және Жамбыл Жабаевтың кесенесі мен мұражайына арнайы барып қайтқан болатын. 
Жалпы, мұражайдағы көрініс тек ақынның тұрмыс-тіршілігін ғана емес, Жамбыл өмір сүрген дәуірдің бет-бейнесін көз алдыңа елестетеді. Мұндағы әрбір экспонаттың ақын өміріне тікелей қатысы бар. «Орталықта Жамбыл Жабаевқа келген хаттар, қолжазбалар, ақын домбырасы, сыйлықтары, көлігі – барлығы 3290 экспонат қойылған», – дейді Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалдық музейінің директоры Салтанат Жамбылова.

Осындай Экспонаттың куәсі болған студенттер қауымы ризашылығын білдіруде. 

т.ғ.к Жұмаділ.М


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз