Заманымызда адамдардың көп қозғайтын әңгімелері капитал, экономика, биржа, акция, жылжымайтын мүлік сияқты тақырыптар. Келешекке салым жасап, келешегімізді кепілге алу қажет деп жатады. Яғни қай салаға капитал құю тиімді болса соны әңгімелеп, соған бет бұрып жатады. Бұл әрине қалыпты нәрсе, мінделетін тарапы жоқ.
Алайда ұмытпау қажетті тағы бір маңызды салым түрі бар. Ол да болса балаға жасалатын, адамға жасалатын салым. Әлемдегі ең қиын іс адам жетілдіру. Баланың жетілуіне септігін тигізетін көптеген факторлар бар. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары: жанұя, айнала, мектеп және БАҚ.
Әлемдегі барлық мемлекеттер өз балаларының, жастарының әділ, еңбекқор, көркем мінезді, табысты, мәдениетті, қоғамға пайдалы, отанын сүйетін, білікті және ел құндылықтарын қадірлей білетін адам ретінде тәрбиеленуін қалайды. Сондықтан осы жолда барлық күш-жігерін жұмсайды. Мұны жүзеге асыра алған елдердің басқа да қиыншылықтары жеңіл және жылдам шешіледі. Өйткені барлық нәрсенің басы – адам. Адамның жақсы өсіп жетілуі үшін ешбір шығыннан және қиыншылықтан қашпағандар жетістіктің және мәдениеттің шыңына көтерілді. Тарихта осы қағиданы Османдықтар жаңғыртқан болатын. Қазіргі таңда Америка және Еуропа елдері де осы бағытты ұстанып келеді.
Мемлекетіміз жоғарыда аталып өткен адамның өсіп жетілуі үшін ең маңызды рөлді атқаратын факторларды әсте-әсте қолға алуда. Әйтсе де әрбір ата-ананың да өз кезегінде бала тәрбиесіне ат салысуы, қарап жатпауы маңызды мәселе.
Баста үлкен қалалардан бастап айналамыз тыныш емес. Яғни сыртқы әлем қауіптерге толы. Бейнелі, баспалы ақпарат құралдарының басым бөлігі зорлық-зомбылық және жыныстық тақырыптарға көбірек бағытталған... Адами қасиет, әдептілік, ұяттылық сезімдерді жоятын, әр түрлі жамандықтарды тартымды етіп жариялап жатқандықтан көруі, оқылуы қауіпті болған көптеген ақпарат құралдары бар. Осы себепті балаларды жаман достардың және жаман бейнелі, жазбалы ақпарат құралдарының зияндарынан да қорғау керек.
Балаларға дінін, отанын, байрағын жақсы көргізетін, ата-анаға, адамдарға құрметті, елінің мәдениетін, құндылықтарын, жетістікке жетудің жолдарын үйрететін, патриоттық сезімін ұялататын пайдалы, жақсы ақпараттармен қамтамасыз ету керек. Бұл орайда сізге көмекші бола алатын «Балалар әлемі» журналын кеңес бере аламыз. «Балалар әлемі» журналы - әріп таныған жастан бастап мектеп оқушыларына арналған, 64 беттен тұратын Республикалық журнал. Мұнда бүлдіршіндер мен жас-жеткіншектердің білім-танымын, ой-өрісін дамытуға, тәлім-тәрбиеге негізделген ертегі-әңгімелер, тарихи-мәдени деректер, энциклопедиялық мәліметтер, қызықты карикатуралар, ойын-жұмбақтар, әзіл-оспақтар, пайдалы кеңес-насихаттар т.б. пайдалы мағлұматтарға орын беріледі. Сондай-ақ балалар да өлең, мақалаларын, салған суреттерін жіберіп өз шығармашылық өнерлерімен және біздің достарымыз айдары арқылы өз фотоларымен де бөлісе алады.
Журналдың ақпараттық онлайн нұсқасын «Балалар әлемі» журналының сайтынан да (http://www.balalaralemi.kz) көруге болады. Журналға жазылыңыздар! Қазпошта арқылы жазылу индексі: 74722
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі