Арпа (ячмень обыкновенный, Hordeum vulgare) — биіктігі жарты метрге жететін, көпшілікке белгілі, бір жылдық, шөп тектес дақыл. Сабағы түзу, жапырақтары жіңішке кезектесе орналасқан. Гүлдері 4 қырлы немесе 6 қырлы күрделі масақтан құралады. Әр масақ 3 масақшадан тұрады. Ол маусым-шілде айларында гүлдейді. Мәдени өсімдік ретінде қолдан егіледі. Дәрі жасау үшін арпаның дәнін пайдаланады. Оның құрамында белоктар, майлар, көміртегі мен ферменттер бар.
Арпа халық медицинасында өте ертеде қолданылған. Дәндерінің қайнатындысының денеге қуат беретіп, әлдендіретін қасиеті бар. Болгар халық медицинасында арпаны іш өткенде және асқазан, ішек ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Зат алмасу процесінің бұзылуынан денеде әр түрлі іріңді бөртпелер пайда болса, оған да арпаның шипалық қасиеті бар. Сонымен қатар оны бүйрекке тас байланғанда, бүйрек пен қуық жолдары қабынғанда және геморрой түйіндерін емдеу үшін де қолданады.
Соңғы кездерде арпадан гордецин дегі аталатын дәрі жасалатын болды. Оның бірнеше түрлі микробтарды жоятын қасиеті бар. Әсіресе терінің жұқпалы ауруларын емдеуге пайдалы.
Арпаның өнген дәндерінен жасалған ұнтақтың 2 ас қасығын 1 литр қайнаған суға салып 4 сағат тұндырады да, жарты стаканнан күніне 6 рет ішеді. 1 килограмнан молдау арпаның өнген дәнін 2-3 литр қайнаған суға салып жарты сағат тұндырады да, ваннадағы суға қосып тері ауруларын емдеу үшін пайдаланады.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Мағжан Жұмабаев
- Мағжан Жұмабаев
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі