Өлең, жыр, ақындар

Әлемдегі ең «кәрі» ағаш

Швейцариядағы бір университеттің ғалымдары сол елде өсетін ағаштарға санақ жүргізу кезінде қылқан жапырақты ең «кәрі» шырша ағашын тапқан. Бұл ағаштың жасын ғалымдар қазіргі кезде қолданылатын радиокөміртегі сараптамалық әдіс бойынша анықтаған. Бұл ағаштың жасы 10 мың жылдай деп анықталып отыр. Бұған дейінгі ғалымдар анықтаған ең «кәрі» ағаш Солтүстік Америкадағы қарағай ағашының жасы 4768 жыл дел анықталған болатын.

Швейцариядан табылған ең «кәрі» шырша ағашы мұз дәуірінің ағашы деп есептелуде. Оның тағы бір таңданарлығы оның айналасында тағы да 20 түптей тамырлас шыршалар өскен. Ал, бұл шыршалардың жасы 8 мың жылға жуық. Бұл аймаққа шырша ағаштары қайдан келгендігі швейцариялық ғалымдарды ойландыруды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз