Қолындағы смартфонға тесіле қарап, тілдесуге шорқақтық танытатын балалар бейнесі- күнделіктітұрмыстың үйреншікті құбылысы болып бара жатқандай. Балалардың қай жас шамасы бұл құбылыс үшін тым ерте?
Балалардың смартфонмен достығы - балабақшадағы достықтан да маңызды қарым-қатынасқа айналған. Ересек адамдар арасындағы телефонға тәуелділік өз алдына, құрылғының өмірді алғашқы парағынан бастап жатқан балалардың ой-өрісіне әсерінің терістігімен қатар, пайдалы тұстары да бар болып шықты-мыс.
Мәселеге алаңдаушылық танытқан ғалымдар 2020 жылы әлемдік зерттеу жүргізді, нәтижесінде, балалардың 60%-ы смартфонмен таныстығын 5 жасқа дейін бастаса, олардың 31%-ы 2 жасқа дейін-ақ телефонның қыр-сырынан хабардар болғандар. Технологиямен ерте танысу- балалардың «технологиялық сауаттылығы» үшін маңызды қажеттілік деген пікірлер де жоқ емес.
Алдыңғы буын өкілдерінің өмірлік естеліктері альбомдар мен жазба кітапшаларында сақталса, қазіргі буынның бар естелігі телефон жадынан орын тепкен. Осы себептен де, қазіргі балалар өмірдің басталуы мен аяқталуын телефон қуатының мәреге жетуі және қайта қуаттануымен байланыстыратын жағдайға жеткен. Балаларға арналған экран уақытының шамадан тыс болуы немесе жасөспірімдердің құрылғымен байланысының бақылаусыз әрі шектеусіз қолжетімді болуы олардың психологиялық дамуына жанама әсерлер тудыруы ғажап емес.
Смартфондар миға қалай әсер етеді?
Кішкене жастағы балалар үшін
Смартфондар баланың психологиясына қалай әсер ететіні немесе сәбидің өз шындығы мен өзіндік бейнесін қалай бұрмалайтыны туралы зерттейтін тұстар әлі де көп. Десе де, анығы- ең кішкентай балалар үшін экран уақытының шектелуі міндетті. Бұл жағдайда, ерте жастағы балалардың түрлі-түсті суреттер мен экран жарығынан басқа көрген кескіндерді өңдей алмайтынын ескере кеткен жөн. Балдырғанның смартфонда өзін көруі де солай, сонымен қатар, бұл алыстағы туыстармен тілдесу үшін тамаша тәсіл болғанымен, бала олардың кескінін көрсе де, алғашқы көргенін өңдей алуы екіталай. «Бала айнаға қараған кезде өзін-өзі анықтаудың бірнеше кезеңі бар»,- дейді Лазар. Ал смартфон камерасы айна емес, бірақ бала белгілі бір сәтте өз-өзін таниды. Егер құрылғыда арнайы фильтрлерді пайдалансақ, баланың өзін тануы ықтималдығы азая түседі.
Кіші мектеп жасы
Балалардың дамуы үшін физикалық белсенділіктің, жеткілікті ұйқының және ойынға бөлінетін уақыттың қаншалықты маңызды екені мәлім. Экранды шектен тыс пайдалану аталған әрекеттердің барлығын- қимылсыз экранға телміріп отырумен алмастыра салуы өкінішіті. Тағы бір шындық, смартфонды бастауыш сыныпта оқитын баладан алыс ұстау өте қиын. Себеп, Лазардың пайымындағы «Смартфон ұстау бастауыш сынып оқушылары үшін асқан мәртебе» деген пікір. 2018 жылы бастауыш мектеп оқушылары арасында жүргізілген зерттеу экрандағы уақыттың ұлғаюы мен мойынұсынбау, гипербелсенділік және назар аудармау секілді мінез-құлық проблемалары арасындағы корреляцияны анықтады.
Жасөспірімдік шақ
Жасөспірімдік шаққа аяқ басу арқылы, балалар өздерінің басқалардың оларды қалай қабылдайтынын, қоршаған әлеуметтік құрылымдарға қаншалықты сәйкестігін біледі. Бірақ бұл өзін-өзі бағалау жасөспірімдер әлеуметтік желілерге тым көп көңіл бөлгенде немесе интернетте тым көп теріс хабарламаларды қабылдағанда бұрмаланатыны хақ. Ғалымдардың айтуынша, жасөспірімдер смартфондар мен әлеуметтік медианы қарым-қатынас құру платформасы ретінде пайдаланады және оң өзгерістердің күшті агенттері бола алады.
Смартфондардың ағзаға әсері. Аңыз бен шындық
Ұялы телефондар мен гаджеттердің психика мен физикалық денсаулыққа әсері жайлы деректердің көптігінен олардың шындығы мен қауесетін ажырата білген жөн. Мысалы, телефондағы радио жиіліктерді қатерлі ісікке жетелейді дегенді естіп жүрміз. Азық-түлік және дәрі –дәрмек басқармасы мәліметтері бойынша, әсер ету деңгейі бойынша, радиожиілік пен қатерлі ісік арасындағы байланыстың маңызды дәлелі айқындалмады. Дәлелді деректерге келер болсақ, ұйқы алдындағы смартфонмен жұмыс жаса ұйқының бұзылуына алып келеді. Сонымен қатар, жасөспірімдердің депрессия жиі шалдығуы мен ашуланып, мазасыздануына смартфонның қосар үлесі тіптен зор.
Мақаланы оқи отырып оқырмандардың біразы балаларын смартфоннан мүлде қол үзуге мәжбүрлеймін деген ой қалыптастыру ғажап емес. Бұл қате әрі жүзеге асырылуы күрделі процесс. Ендігі шешім, баланың экран алдындағы уақытын шектеу және бақылау орнату. Олардың көңілін басылған лүпіл мен пікірлерге тәуелділіктен арылтып, шынайы қарым-қатынастарға баулу.
Ақерке Бижан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі