Тұңғыш ұстаз !
Кел, балалар, оқылық!
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Тұңғыш қазақ педагогі, тұңғыш қазақ мектебін ашқан, тұңғыш оқу құралы – «қазақ хрестоматиясын» жазған ағартушы Ыбырай Алтынсарин жайлы сөз қозғамақпын. Жалпы, «кітап», «білім» сөздері құлағыма ілінген сайын ойыма бірден Ыбырай Алтынсарин келеді. «Білімді өлсе, қағазда аты қалар» - демекші, ақынның қазақ қоғамына тигізген еңбегі зор. Ы.Алтынсарин екі түрлі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту, бала тәрбиелеу, екіншісі – қарапайым халықтың санасын ояту, олардың ойын жаңалыққа қарай бейімдеу болды. Ақын жастарды махаббат, достыққа, еңбекке жалпы айтқанда «адам» деген ардақты сөзді ақтай алатын кісі болып шығуға үндеді.
Тәніңді жаттығумен шынықтырғаның сияқты, миыңды кітап оқумен ғана шынықтыра аласың -, демекші сонау 1860 жылдары қарапайым халықты кітап оқуға, олардың көзін ашуға талпынған, қазіргі осылай Тәуелсіз, саналы ұрпақ болып отырғанымызда Ыбырай Алтынсариннің тынымсыз еңбегінің арқасы дер едім.
Кусаин Мөлдір Бақытбекқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі