Пауло Коэльонің айтуынша: " Бір күні сіз оянған кезде сіз әрқашан қалаған нәрсені істеуге уақыт болмайды. Сол себепті де қалағаныңыз қазір жасау өте маңызды". Сіздің бақытты болуыңызды және арманыңызды басқа уақытқа қалдырудың қажеті жоқ, өйткені өмір жүреді, жылдар өтеді сағаттар жылжиды. Жағдайды өзгерту үшін бүгін әрекет ету керек.
Неден бастау керек? Міне, бүгін жасайтын 7 кеңес:
1. Жүрегіңді тыңда, ішкі түйсігіңе құлақ сал
Оқиғалар мен өмірдің толқуларында біз жүрегімізді тыңдауды ұмытып кетеміз. Жүрек-біздің өмірлік мақсаттарымыздың кілті, ол бізге не қажет екенін жақсы біледі және тек дана кеңес береді. Егер бірдеңе жасамас бұрын, мұны істеудің қажеті жоқ деген сезім болса, онда солай болады. Бұл түйсік және оны тыңдауды үйрену керек.
2. Оқу көп нәрсені білуді білдіреді
Оқу басқа заттардан қарағанда әлдеқайда пайдалырақ. Оқу қиялды, ойлауды дамытады. Оқу сөздік қорын арттырады, сондықтан бізді сенімді етеді және қарым-қатынасқа көмектеседі. Сондықтан сіз бұрын білмеген нәрсені оқып, білуіңіз керек. Сонымен қатар, ғалымдар оқу стресс деңгейін төмендетеді деп мәлімдейді.
3. Өзіңіздің жеке рәсімдеріңізді жасаңыз
Таңертеңгі кофе ішу рәсімі, дұға ету, кешке кітап оқу немесе демалыс күндері таңғы ас ішу-рәсімдер өмірді әдемі әрі мағыналы етуге қол ұшын созады
4. Армандарыңды шындыққа айналдыр
Әрине, әркім өздері қалаған нәрсені жасай алмайтындығына мың түрлі себеп ойлап табуына болады және олар өздерін ақтап алуы мүмкін. Бірақ “бүгін істеуге болатын жұмысты ертеңге қалдырмаңыз", - деп бекер айтпайды ғой.Егер мұны көптеген адамдар жасаған болса, онда мұны жасауға сіздің де қолыңыздан келетіндігін естен шығармаңыз.
5. Жақсы ортада уақыт өткізіңіз
"Маған сенің досың кім екенін айт, Мен сенің кім екеніңді айтамын"деген сөзді бәрі білеиін шығар. Өмір ұнатпайтын адамдармен сөйлесу үшін тым қысқа. Қоршаған орта бізге қатты әсер етеді, сондықтан жүрекке шынымен қымбат адамдарды ғана өз өмірімізге кіргізу керек.
6. Табиғат аясында көбірек серуендеуді әдетке айналдырыңыз
Табиғат айналасында өмір сүру-бұл адам үшін бақыт. Бірақ егер олай болмаса, онда сіз табиғатта көбірек уақыт өткізуге тырысуыңыз керек. Таза ауада серуендеу иммунитетті арттырады, бұл енді ешкімге артық болмайды.
7. Өткенді жіберіп, қазіргі уақытпен өмір сүру
Бәрі ескі күндерді еске алады, мүмкін өткен кезде болған оқиғалар сізді белгілі бір қиял әлеміне жетелесе де оның өткен кез екендігін түсіну керек. Өмір осында және қазір болады. Өткенді үнемі ойлағанда, әдемі, бақытқа толы қазіргіні және болашақты құру мүмкін емес. Өткен қателіктерден үйрену жақсы, бірақ өткенмен өмірсүру мүмкін емес. Өз энергияңызды болашақта не істегіңіз келетініне бағыттау керек. Сол себепті бүгінмен өмір сүріңіз.
"Тұран" университеті журналистика мамандығының 3-ші курс студенті Қадылбекова Адема
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі