Бала кезімізден барлығымызға жақсы және тәрбиелі адам болудың өте маңызды екендігі туралы ата-анамыз талмай айтады, өйткені бұл біздің жеке тұлға болып қалыптасуымызда шешуші рөл атқарады.
Тәрбиеліктің деңгейін қандай өлшемдер анықтайды?
Мысалы, қарт адамдарға қоғамдық көлікте орын беретін, бірақ сонымен қатар адамдар көп жиналатын жерлерде өзін-өзі дұрыс ұстамай, немесе өзінен сәл үлкен адамдарға дөрекі сөздер айтатын адамды тәрбиелі тұлға ретінде қарастыруға бола ма ?
Мәселе мынада: тәрбие дегеніміз - адам болмысының жалпыға бірдей қабылданған нормаларына сәйкес қоршаған орта арқылы адамның бойына сіңіретін мінез-құлық дағдылары. Тәрбие белгілі бір нәрсе және тек сыпайылықпен анықталады деп айтуға болмайды. Оған толеранттылық, басқа адамдармен қарым-қатынас, қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстау, басқаларға деген құрмет кіреді. Адам бойындағы барлық қасиеттерді біле тұра , оны басқаларымен салыстырғаннан кейін ғана тәрбие деңгейі туралы қорытынды жасауға болады. Айта кету керек, әрқайсымыздың тәрбиелік білім алуымызға көптеген адамдар өз септігін тигізеді. Біріншіден, баланың санасына адамгершілік құндылықтар мен жалпыға бірдей қабылданған тәрбие туралы түсінік қалыптастыруға, сондай-ақ оның тәрбиесін жүзеге асыруға көмектесетін ата-ана. Адам өмірінің әр кезеңінде - балабақшада, мектепте, жоғары білім алу орындарында тұратын тәрбие үдерісіне ата-аналары мен туыстарынан басқа білім беру мекемесі де қатысады. Себебі, әр сабақтың өзіндік мәні бар. Бірақ кез-келген адам өмір бойы дамитын болғандықтан, өзін-өзі тәрбиелеу процесі ішінара байқалады, бұл кезде өзін қалай ұстау керек, қалай дұрыс әрекет ету керек деген түсінік санадан тыс деңгейде болады.
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды». Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны деп баяндалатын Абай атамыздың жиырма тоғызыншы сөзін барлығы біледі. Осы мақалды түсіндірудің мынадай бір нұсқасы бар. Періште жолда келе жатса, алдында алтын жатыр екен. Бұл менікі емес, өзгенің еңбегіне тиісуге хақым жоқ деп, келе жатқан аяқ жолынан бұрылыпты. Міне бұл да тәрбиенің бір белгісі .
Әрине, ата-ана, тума-туыс, достар, ұстаздар бізге өмір бойы ақыл мен тәрбие береді . Бірақ әр адам өмірлік жолында өзінің қателіктерін көре отырып қорытынды жасай келе өзін өзі тәрбиелейді .
Адам қаншалықты білімді, сыпайы, сауатты, әдепті, сабырлы және салмақты адам - осының бәрі де тәрбиенің деңгейімен анықталады.
Ақбаян Атапкелова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі