Өлең, жыр, ақындар

Жапониядағы Эшима Охаси көпірі

Көпір Сакаиминато және Мацуэ қалаларын қосып тұр. Оның ұзындығы 1,7 километр, ал ені — 11,3 метр.

Бұл көпірлер "қатты құрылымды" көпірлер арасында әлемде үшінші орында.

Көпірге алыстан қарасаңыз оның үстінен жүріп өту - барып тұрған ақылсыздық сияқты.

Машиналар сырғанап кететін секілді. Астынан кемелердің өте алуы үшін осынша биік етіп жасалған.

Шын мәнінде Эшима Охаси көпірі - қауіпсіз көпір. Түсу бұрышы өте үлкен емес, бар мәселе көпірге қарау бұрышына байланысты. Жол жақтан қарасаңыз көпір тау секілді.

Эшима Охаси көпірі  Танто автокөлігінің жарнамасында теледидардан көрсетілді. Видеода оптикалық иллюзия қолданылып, әсерлі трюк жасалынды. Осының арқасында көпір танымал болды. Видеода көпірдің көлбеулігі  өте  үлкен болып түсірілген. Көрермендер  көпірге көтерілу мен түсу бұрыштарының үлкендігін көреді. Осы әсер арқылы Дайхатсу компаниясы өздерінің минивэндерінің қуатын көрсетпекші болды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Дариға

жапондар мықты халық

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз