Өлең, жыр, ақындар

Ғабит Мүсіреповтың туғанына 100 жыл

(Өмірдерегі мен шығармаларының анықтамасы)

Құрастырушылар: Ғалым Қадірәліұлы, Қайролла Мұқанов, Социал Жұмабаев.

Ғабит Мүсіреповтың Қозы Көрпеш — Баян сұлу туындысы қазақ драматургиясының ғана емес, бар қазақ әдебиетінің көркем шығарма туғызу жолындағы биік белесінің бірі.

Мұхтар Әуезов

Мүсірепов болса қашанда таңдауға лайық тұлға!

Әбдіжәміл Нұрпейісов

Ғабит Мүсірепов — ардақты aт! Мүсірепов туралы мың сөзден Мүсірепов деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Мүсіреповпен мақтану керек!

Зейнолла Қабдолов

Ғабит Мүсірепов өзін де, өзгені де қайталамайды.

Тәкен Әлімқұлов

Қазақ сөз зергерлерінің ішінде Мүсіреповтің қайталанбас жазушылық қолтаңбасы ерекше. Стилінің әсемдігі, дәлдігі, тілінің нәрлілігі, нәзік юморы мен аса байқампаздығы -бүкіл бір ұрпаққа үлгі.

Тахауи Ахтанов

Мүсірепов қандай жаңа құбылысты, қандай жаңа адамды жазсын мейлі, оның түп-төркінін халықтың өз бойынан табады; қандай өрелі проблема көтерсін мейлі, халықтың өз көкірегінен іздейді.

Әбіш Кекілбаев

Оның кітаптары нағыз дарынның қолтаңбасымен және нәзік талғампаздығымен ерекшеленеді. Олар халық өміріне, интернационализмге шынайы бойлаған.

Иван Шухов

Оның көрікті сөзінде отты, серпінді романтика мен ғажап реализм үнемі астарласып отырыпты. Сондықтан да, біз оның шығармаларын қашанда үлкен олжадай, қымбат шашудай қабылдап келеміз .

Әбділда Тәжібаев

Әлі де талай-талай замандар өтеді. Талай - талай толқындар кезекпен ауысып, талай-талай ұрпақтар келеді. Сол кезде халқымыздың осы бір тұстағы бел-белесіне үңілер адам болса, Мүсірепов шығармаларына соқпай кете алмайтыны айдан анық-

Сафуан Шаймерденов

Ғабит Мүсірепов — біздің советтік қазақ әдебиетінің туу, өсу, өркендеу процесінің бар кезеңіне куә ғана болып қоймай, оның бұрын бар, бұрын жоқ салаларының бәр- бәрісін дамытуға, бастауға, туғызуға қатынасқанын, соның ең күшті қайраткерлерінің бірі, әуел бастан-ақ соған аға болып туған, басшысы болып келе жатқан кемел жазушы, кең тынысты талант иесі.

Ғафу Қайырбеков


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз