Алаш арысы - Ақбаев Жақып

Басты бет / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / Оқушыларға пайдалы ақпараттар / Алаш арысы - Ақбаев Жақып

Алаш арысы - Ақбаев Жақып — Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал.

Материал — Тарих, Жақып Ақбаев, Алаш, Алаш арыстары — осы тақырыптарға байланысты.

Алаш арыстарының бірі Жақып Ақбаевтың туғанына биыл 146 жыл болмақ. Өз замандастарының алды болған Жақып Ақбаев 1876 жылы Семей облысы, Қарқаралы уезінде дүниеге келген. Оның өмірбаянына қатысты белгісіз тұстармен қатар ерекше фактілердің бар екендігі мәлім.

Аталған Мәліметтерге тоқтала кеткен жөн:

1. Жақып Ақбаев қазақтардың ішіндегі ең алғаш магистр дәрежесін алған. Негізгі біліктілігі құқықтану еді.

2. Жастайынан ол зерек әрі білімге құмар еді. Жақып Ақбаев Қарқаралыдағы интернатпен қоса Омбы қаласындағы гимназиясында білімін жетілдірген. Санкт-Петербург университеті қабырғасында білім алу барысында жан-жақтылықты басшылыққа алған. Университет басшылығынан қосымша лекцияларды өтініп сұрағандығына дәлел болатын өтініш хаттар да бар.

3. Жақып Ақбаевтың диплом тақырыбы «Қазақтардың отбасылық-неке құқығы» тақырыбында болды.

4. Демократ болған ол студент кезінен-ақ патшаның саясатының әлсіз тұстарын сынап, сол тақырыптарда бірнеше мақала жариялайды.

5. Қызметін Омбы қаласынан бастап, арбитражды сот лауазымына дейін жетеді.

6. 1905 жылғы саяси оқиғалар барысында «Қарқаралы петициясын» құрастырушылардың бірі болды.

7. Ол Баянауыл мен Керекуде, Омбыда демонстрациялар мен қозғалыстардың бастаушылардың қатарында болды.Патша саясатының қатаң сынаушыларының бірі бола тұра, қатты қуғындалды.

8. Жақып Ақбаев Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың жақын достарының бірі. Алаш партиясының бастауында тұрған дарынды тұлға.

9. 1920 жылдардың соңына қарай заңсыз қудаланып, бірқатар Алаш зиялыларымен бірге Воронежге айдауға жіберіледі. Сол жақта қатты ауруға душар болады.

10. Жақып Ақбаевтың Арғыния, Наймания, Аспазия, Андромеда атты ұлдары мен қыздары болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Нұратай Айгуль



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Әбіләз

Бұл кісілер туралы көп жазу керек

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаш арысы - Ақбаев Жақып деген не?

Бұл бетте Алаш арысы - Ақбаев Жақып тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Алаш арысы - Ақбаев Жақып материалы Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар Тарих тақырыбындағы материалдар Жақып Ақбаев тақырыбындағы материалдар Алаш тақырыбындағы материалдар Алаш арыстары тақырыбындағы материалдар aigulnuratayy жариялаған басқа материалдар