Жапон елінің бір қалашығында қарт самурай тұратын. Ол өз шәкірттерін білімді, ақылды етіп тәрбиелейді. Бір күні сабақ барысында өзінің тәртіпсіздігі мен қатігездігімен елге аты жайылған жауынгер келеді.
Оның өзіндік әскери тактикасы болатын. Ол қарсыласына ауыр сөздер айтып, ашуландырады. Ызаланған қарсыласы жекпе-жекке шығып, ашудың салдарынан қателіктер жіберіп, жеңілетін.
Бұл жолы да жауынгер қарт самурайды ашуландыру үшін ауыр, балағат сөздерін жаудырады. Алайда самурай оған қалт етпейді. Әлгі жігіт үш рет қайталап көреді. Самурай сабағын жалғастыра береді. Ызаланған жауынгер есікті теуіп, кетіп қалады.
Мұны бақылаған шәкірттері самурайдан: «Ұстаз, неге оның мұндай тәртіпсіздігіне жауап бермедіңіз? Оны жекпе-жекке шақыру керек еді!» деп ызаланады.
Дана самурай:
— Сізге біреу сыйлық алып келіп, сіз қабылдамасаңыз, ол сыйлық кімнің қолында қалады? — деп сұрайды.
— Өзінің иесінде, — деп жауап береді шәкірттері.
— Бұл қызғаныш, ашу, кемсіту мен мысқылға да қатысты. Оларды қабылдамағанша, барлығы өз иесінде қалады, — дейді.
Расында да, біреудің ашулы сөзін көңілге алмасаңыз, жүйкеңіз тозбайды. Демек денсаулығыңыз да қалыпты болады. Ал қызғаныш — ашумен білінетін, сосын кекке айналатын ызалану сезімінің нәтижесі, ол жақсылықтың барлығын жалмайды.Қызғанышты білдіру және басқалардың төмен болғанын қалау өте нашар қасиет, іште сақтау болса жүректің кемелденуін тежейді.
Бұл өсиет әңгіме адамды сабырлы, кешірімді болуға шақырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі