Өлең, жыр, ақындар

Тіл - ұлт қазынасы

Тылсым табиғаттың адам баласына сыйлаған баға жетпе  байлығы – халқымызбен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан ұлтымыздың  төлқұжаты, рәміздік белгісі, мәдениетіміздің мәйегі, рухани әлемімздің сарқылмас қазынасы. Тілдің осындай құдіретін терең түсініп, қадірлей  білген халқымыз оны таза күйінде батпаққа батырмай, шабындыға алдырмай ұрпағына жеткізеді. Тіл - халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, оны мақтан тұта білуі керек. Өйткені, халықтың даналығы, жалынды жырлары мен алтын шежіресі сол халықтың тілінде жазылып, сол тілде ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады. Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әр адамның бойына, ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында: «Тіл-ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген. Тілдің көмегімен өнерді, білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. өзіміз танып қана қалмай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз. әлемді танимыз. Сондықтан адам баласының байлығының бірі-сөз өнері. «Өнер алды-қызыл тіл» деген аталы сөздің астарында қаншама сыр бар? Әрбір елдің күші, байлық-бақыты экономикалық даму денгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойының көрінісі тілге тікелей тәуелді екені белгілі.                  

Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі. Адамның адамдығын ана тілін білуі тұрғысынан бағалау ата-бабасының өмір салтын, әдет-ғұрпын, рухани байлығын білуі тұрғысынан бағалау деген сөз. Қазақстан Республикасының негізгі халықтың тілі болып табылатын мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу-біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Сондықтан да елімізде, отбасымызда мемлекеттік тілді үйренуге мүмкіндіктер өте көп. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру үшін көптеген шаралар жүргізуде. Елбасы: «Қазақстан халқы үш тілді жетік меңгерген және барлық әлемге жоғары білімді ел ретінде танылуы керек» деген еді. Бірақ қазір көптеген жастар тілімізді шұбарлап, өз ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Мұндайларды көргенде, К. Г. Пуастовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам-жәндік» деген сөзі ойына оралады. Тіл – адамның тіршілік ортасы, белгілі бір қоғамдастықтың, ұлттық ұжымның рухани тіршілік ортасы. Адамдардың да рухани дамуы ана тілі деп аталатын тілдік ортаның сау-саламаттылығына тікелей тәуелді. Тілдің толып жатқан мәселесін экологиялық тұрғыдан қарастырудың мәні айрықша. Тілді тұтынушының, яғни тілдік тұлғаның, тілдік субъектінің ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін, тілдің өткендегісі, бүгінгісі, болашағына деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеуде де лингвоэкологияның міндетіне жатады. Қазақ тілі – қазақ халқының мәдени жадын, тарихи жадын жинақтаушы, сақтаушы, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, оларды қайта жаңғыртушы, ұрпақ пен ұрпақтың рухани дүниесін сабақтастырушы ретінде қазақтілділердің экологиялық рухани ортасы. Мемлекеттік стандарт ұстанымдары тілді үйренудегі түпкі нәтижеге бағытталғанда қазақ тілінің әлеуметтік қызметі жоғары дәрежеге жетеді. Басты нәтиже – тіл үйренушінің коммуникативтік құзыреттілігін қамтамасыз ету; қазақ тілінде сауатты жаза білу, өз ойын әдеби тілмен түсінікті, еркін айта білу.                        

Өз тілімізді құрметтеудің аса маңызды сапалардың бірі-сөз тазалығы. Сөз тазалығы дегенде алдымен ойымызға оралатыны тіл тазалығы, сөзімізде бөгде тілдік элементтердің болмауы. Бірақ  әдеби тілімізде өзге тілдерден енген сөздер, тіпті сөз тудырушы қосымшалар да екені мәлім. Ондай құрылысты қай тілдің барлығынан дерлік кездестіруге болады. Өзге тілден сөз алмаған, ауыс-түйістігі жоқ «таза» тілдер кемде-кем. Өзге тілден еніп, заңды түрде орныққан  осы тәрізді сөздерден кейбіреудің дағдысына енген мүкістіктер (остановкаға барамын, субботада келді, званит ет, т. б. ) мүлде басқа. Дағдының да дағдысы бар. Жұртшылық қабылдаған, тілде орныққан норма ретінде танылған шет тілдік сөздің орны бөлек. Біздің тіліміз – көркем, бай. Мәселе соны дұрыс пайдалана білуде. Өз тілінің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімзді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту. Қазақ тілі – нағыз қазақ барда ешуақытта жоғалмайды. Қазақ тілінің қайнар бұлағы - халық ауыз әдебиеті. Бүгінгі жастарымыз түгілі, орта буынның өзі де сол негізден алыстап, рухани жұтаңдыққа душар болып отыр. Қазақ  ұлтының осынау мұраларын қасиет санап, қастерлей білген ұрпақтың мерейі әрқашанда үстем болмақ. Бүгінгі көшедегі жастардың бір-бірімен өзге тілде шүйіркелесіп тұруы өткен ғасырда жіберілген қатеміз болды. Қазақ  елі өте сенгіш, бейімделгіш халық. Тілдің өзегі, өріс алар жері – ең әуелі отбасы, үй іші. «Әуелі бесігіңді түзе» деген сөзді кемеңгер М. Әуезов бекерге айтпаса керек. Ұлт азаматы болып қалыптасу үшін ең алдымен ана тілін сүю парызың, Отан алдындағы қарызың. Әрине, орыс, ағылшын және өзге тілдерді дамыту мәселесін де қолдайтын боламыз. Мемлекеттік тілді ең алдымен біздің жастарымыз білулері қажет. Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов «Кім  де кім өз ана тілін, әдебиетін, өз елінің тарихын білмесе, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» деген екен. Олай болса, қоғамның толыққанды, тең дәрежелі, мәдениетті адамына айналу үшін мемлекеттік тілді меңгеруіміз керек. «Қазақ тілі – қазақтың ғана тілі емес, менің тілім» деп айтуымыз қажет. Ана тілге деген сүйіспеншілік, ыстық сезімнің лебі таза сөйлеуден тұрады. «Ана тілің, қайткенде де ана тілің болып қала береді. Жан-тәніңді салып сөйлеген кезде, басыңа бірден-бір француз сөзі келе қоймайды, ал жарқылдата сөйлеуді қаласаң, оның жөні бір басқа», - дейді Л. Толстай. Сөз жоқ, сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағана іздеу адамды мәдени қоректендіре түседі. Қазақ тілі - қазақтың маңдайына біткен жарық  жұлдызы. Қаймақты тілді пайдаланбай, қаспақтың түбін қырғыштап жүргендерге айтарымыз: "Әркімнің ана тілі тірлік үшін керек, мемлекеттік  тіл- бірлік үшін керек" жүрегімен ұққаны жөн. "Қазақ  тілі – қазақ халқының тілі" деп қоймай, "Қазақстан халқының тілі" деп құлаққа сіңіріп, санада тұрақтандыру  қажет. Қазақ тілі-әлемдік тіл кеңістігінде қайталамасы жоқ, ғасырлар бойы гуманизм мен прогесске, қазақтардың ұлттық тұтастығы мен бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл. Әр халықтың тілі оның тарихының көрінісі. Әр ұлттың ана тілі сол халықтың  кеудесіндегі жаны іспеттес. Халықтың тілінен сол халықтың  ұлттық  психологиясы, ұлттың  мінез – құлқы, оның ойлауы, ұлттың өзіне тән  ерекшеліктері айқындалады. Ұлттың болмысы, адамның ішкі жан – дүниесінен көрініс тауып, сөз арқылы бейнеленеді. Тілдің тазалығы  сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық қана емес, сонымен қатар, айқын ойлылық, сөзді  бұрмаламай дәл айту шеберлігі, сауаттылық деп  тануымыз керек. Сөз тазалығы, тіл тазалығы ұлт қасиетінің, салт-санасының айқын белгісі. Сол себептен де қазақ тілін ту етіп тігіп, кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсыруға тырысайық! 

Тылсым табиғаттың адам баласына сыйлаған баға жетпес байлығы – халқымызбен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан ұлтымыздың  төлқұжаты, рәміздік белгісі, мәдениетіміздің мәйегі, рухани әлемімздің сарқылмас қазынасы. Тілдің осындай құдіретін терең түсініп, қадірлей  білген халқымыз оны таза күйінде батпаққа батырмай, шабындыға алдырмай ұрпағына жеткізеді. Тіл - халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, оны мақтан тұта білуі керек. Өйткені, халықтың даналығы, жалынды жырлары мен алтын шежіресі сол халықтың тілінде жазылып, сол тілде ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады. Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әр адамның бойына, ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында: «Тіл-ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген. Тілдің көмегімен өнерді, білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. өзіміз танып қана қалмай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз. әлемді танимыз. Сондықтан адам баласының байлығының бірі-сөз өнері. «Өнер алды-қызыл тіл» деген аталы сөздің астарында қаншама сыр бар? Әрбір елдің күші, байлық-бақыты экономикалық даму денгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойының көрінісі тілге тікелей тәуелді екені белгілі.                  

Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі. Адамның адамдығын ана тілін білуі тұрғысынан бағалау ата-бабасының өмір салтын, әдет – ғұрпын, рухани байлығын білуі тұрғысынан бағалау  деген  сөз. Қазақстан Республикасының негізгі халықтың тілі болып табылатын мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу-біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Сондықтан да елімізде, отбасымызда мемлекеттік тілді үйренуге мүмкіндіктер өте көп. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру үшін көптеген шаралар жүргізуде. Елбасы: «Қазақстан халқы үш тілді жетік меңгерген және барлық әлемге жоғары білімді ел ретінде танылуы керек» деген еді. Бірақ қазір көптеген жастар тілімізді шұбарлап, өз ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Мұндайларды көргенде, К. Г. Пуастовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам-жәндік» деген сөзі ойына оралады. Тіл – адамның тіршілік ортасы, белгілі бір қоғамдастықтың, ұлттық ұжымның рухани тіршілік ортасы. Адамдардың да рухани дамуы ана тілі деп аталатын тілдік ортаның сау-саламаттылығына тікелей тәуелді. Тілдің толып жатқан мәселесін экологиялық тұрғыдан қарастырудың мәні айрықша. Тілді тұтынушының, яғни тілдік тұлғаның, тілдік субъектінің ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін, тілдің өткендегісі, бүгінгісі, болашағына деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеуде де лингвоэкологияның міндетіне жатады. Қазақ тілі – қазақ халқының мәдени жадын, тарихи жадын жинақтаушы, сақтаушы, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, оларды қайта жаңғыртушы, ұрпақ пен ұрпақтың рухани дүниесін сабақтастырушы ретінде қазақтілділердің экологиялық рухани ортасы. Мемлекеттік стандарт ұстанымдары тілді үйренудегі түпкі нәтижеге бағытталғанда қазақ тілінің әлеуметтік қызметі жоғары дәрежеге жетеді. Басты нәтиже – тіл үйренушінің коммуникативтік құзыреттілігін қамтамасыз ету; қазақ тілінде сауатты жаза білу, өз ойын әдеби тілмен түсінікті, еркін айта білу.                        

Өз тілімізді құрметтеудің аса маңызды сапалардың бірі-сөз тазалығы. Сөз тазалығы дегенде алдымен ойымызға оралатыны тіл тазалығы, сөзімізде бөгде тілдік элементтердің болмауы. Бірақ  әдеби тілімізде өзге тілдерден енген сөздер, тіпті сөз тудырушы қосымшалар да екені мәлім. Ондай құрылысты қай тілдің барлығынан дерлік кездестіруге болады. Өзге тілден сөз алмаған, ауыс-түйістігі жоқ «таза» тілдер кемде-кем. Өзге тілден еніп, заңды түрде орныққан осы тәрізді сөздерден кейбіреудің дағдысына енген мүкістіктер (остановкаға барамын, субботада келді, званит ет, т. б.) мүлде басқа. Дағдының да дағдысы бар. Жұртшылық қабылдаған, тілде орныққан норма ретінде танылған шет тілдік сөздің орны бөлек. Біздің тіліміз – көркем, бай. Мәселе соны дұрыс пайдалана білуде. Өз тілінің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімзді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту. Қазақ тілі – нағыз қазақ барда ешуақытта жоғалмайды. Қазақ тілінің қайнар бұлағы - халық ауыз әдебиеті. Бүгінгі жастарымыз түгілі, орта буынның өзі де сол негізден алыстап, рухани жұтаңдыққа душар болып отыр. Қазақ ұлтының осынау мұраларын қасиет санап, қастерлей білген ұрпақтың мерейі әрқашанда үстем болмақ. Бүгінгі көшедегі жастардың бір-бірімен өзге тілде шүйіркелесіп тұруы өткен ғасырда жіберілген қатеміз болды. Қазақ  елі өте сенгіш, бейімделгіш халық. Тілдің өзегі, өріс алар жері – ең әуелі отбасы, үй іші. «Әуелі бесігіңді түзе» деген сөзді кемеңгер М. Әуезов бекерге айтпаса керек. Ұлт азаматы болып қалыптасу үшін ең алдымен ана тілін сүю парызың, Отан алдындағы қарызың. Әрине, орыс, ағылшын және өзге тілдерді дамыту мәселесін де қолдайтын боламыз. Мемлекеттік тілді ең алдымен біздің жастарымыз білулері қажет. Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов «Кім  де кім өз ана тілін, әдебиетін, өз елінің тарихын білмесе, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» деген екен. Олай болса, қоғамның толыққанды, тең дәрежелі, мәдениетті адамына айналу үшін мемлекеттік тілді меңгеруіміз керек. «Қазақ тілі – қазақтың ғана тілі емес, менің тілім» деп айтуымыз қажет. Ана тілге деген сүйіспеншілік, ыстық сезімнің лебі таза сөйлеуден тұрады. «Ана тілің, қайткенде де ана тілің болып қала береді. Жан-тәніңді салып сөйлеген кезде, басыңа бірден-бір француз сөзі келе қоймайды, ал жарқылдата сөйлеуді қаласаң, оның жөні бір басқа», - дейді Л. Толстай. Сөз жоқ, сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағана іздеу адамды мәдени қоректендіре түседі. Қазақ тілі - қазақтың  маңдайына  біткен  жарық  жұлдызы. Қаймақты тілді пайдаланбай, қаспақтың түбін қырғыштап жүргендерге айтарымыз: "Әркімнің ана тілі тірлік үшін керек, мемлекеттік  тіл - бірлік үшін керек" жүрегімен ұққаны жөн. "Қазақ  тілі – қазақ халқының тілі" деп қоймай, "Қазақстан халқының тілі" деп құлаққа сіңіріп, санада  тұрақтандыру қажет. Қазақ тілі-әлемдік тіл кеңістігінде қайталамасы жоқ, ғасырлар бойы гуманизм мен прогесске, қазақтардың ұлттық тұтастығы мен бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл. Әр халықтың тілі оның тарихының көрінісі. Әр ұлттың ана тілі сол халықтың кеудесіндегі жаны іспеттес. Халықтың тілінен сол халықтың ұлттық психологиясы, ұлттың  мінез – құлқы, оның  ойлауы, ұлттың өзіне тән ерекшеліктері айқындалады. Ұлттың  болмысы, адамның  ішкі жан – дүниесінен  көрініс  тауып, сөз  арқылы  бейнеленеді. Тілдің  тазалығы  сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық қана емес, сонымен қатар, айқын  ойлылық, сөзді  бұрмаламай дәл айту шеберлігі, сауаттылық  деп  тануымыз керек. Сөз тазалығы, тіл тазалығы ұлт қасиетінің, салт-санасының айқын белгісі. Сол себептен де қазақ тілін ту етіп тігіп, кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсыруға тырысайық! 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс магистранты Оспан Әйгерім;  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, доцент Жанатаев Данат Жанатайұлы;


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз