Өлең, жыр, ақындар

Дара тұлғаның өзіндік қолтаңбасы

Тұлғалық қасиет барше адамзат баласына дарыған аса маңызды табиғи жаратылыс. Әр адам нағыз адамгершілігі мол тұлғалық қасиеттерін өзіне өзі инвестиция құйғандай, бойына дарытады.

Қазіргі заманда бізге, яғни жастарға көптеген жаңашыл идеялық мақсатта мүмкіндіктер берілуде. Және сол мүмкіндікті жібермей, алдыға қарай дара жолымызды асқақтату өз қолымызда. Қазіргі біздің қоғамда «әр күнің саған берілген мүмкінік, және оның қалай өтуі де өзіңе байланысты» деген сөздерді айтып жатады. Маған жалпы осындай мотивациялық әңгімелер, видеолар қараған ұнайды. Өйткені, олар маған әрқашан жұмыс істеуге, болашағымның жарқын екенін сезінуге үлкен құлшыныс әкеледі. Біз жастармыз ғой. Бізге көру керек, білу керек, қателесе де білу керек, бұл ешқандай да қылмыс емес дегім келеді.

Міне, біз өзіміздің дамуымызға үлгі аларлықтай үлес қоссақ, болашақта дара да, дана  да болатынымыз бәрімізге аян. Өзім әрқашан қоғамда ерекшеленіп, дара тұлға болуды қолдаймын және өзім де соған қарай тырысамын. Бұл маған өзімді ортада еркін сезінуіме үлкен септігін береді. Жалпы барлық адам осыған ұмтылатыны бәрімізге анық қой?!

Енді мен осы жолда өз ойымды айта кетсем, мен әрқашан үздіксіз дамуға, көп оқуға барымды салып тырысамын. Бұлар жаңа айтқанымдай өзімді даралауға мүмкіндік береді. Және ол дара жолда өзіңнің ерекшелігіңді басты орынға қоя алу да сенің ерекшелігіңді білдіреді.

Осы жолда әрине аянбай тер төгетінім, оны қаншалықты жүз пайызға дұрыс қабылдай алатыным да өзіме қызық! Өзімнің қолтаңбамның басты ерекшелігі болатын – ешкімде жоқ, қайталанбас шығармашылық жолым. Болашақта дәл осы мамандық мені өрге де жеткізетін шығар, немесе басқа мамандық шығар. Бір Аллаға тапсырамын, алайда сол мақсатта үлкен күш артамын. Өйткені менің артымда отбасым бар, елім-жұртым бар мақтанатын. Олардың сенемін ақтаймын. Сөз беремін!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз