Өлең, жыр, ақындар

Шоқан Уәлиханов - публицист

Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы,  өмірінің қысқа ғана мерзімінде артына өшпес мұра қалдырған – Шоқан Уәлихановтың туғанына биыл мінекей 185 жыл толып отыр.

Шоқан Уәлиханов, қазақ халқына еңбегі сіңген қайраткер, ғалым, ағартушы, орыстармен, сондай-ақ басқа ұлттың халықтарымен достық қайраткері, саяхатшы, шығыстанушы-тарихшы, этнограф, публицист, фольклортанушы. Өз есімін күллі жұртқа танытып, қаһарман саяхатшы ретiнде даңқын шығарған. Саяхатшы өзі барған сапарларында нешетүрлі қиындықтар мен кедергілерден өтеді. Жат елдің жан-жақты саласын:әскери, саяси, экономикалық, сауда-саттық жағынан сипаттап, үкіметке де, ғылымға да пайдалы сирек деректерді жинаған. Ұлы ғалымның есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық-ғылыми ойының тарихында айрықша құрметке бөленіп, ел есінен кетпейтіндей дәрежеге жетті.

"Жеті жұрттың тілін білуге тиіс" хан ұрпағы, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған. Шығыс тілдерінен араб, парсы, орыс, тілін, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.

Қазақтың жарық жұлдызы атаңған Шоқан портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған. Өз заманының мәдениетті және білімді адамы  болған, ғылым мен әдебиетті, өнерді бағалай білген. Саяхатшы Шоқан лингвистика, география, этнография, археология, қоғамдық және саяси саласында еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа, яғни, біздерге, жастарға аса бай, ғылыми еңбектер қалдырды.

Қазақтың белгілі жазушысы Ғабит Мүсірепов: «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана толық түсіне бастағандаймыз... Шоқаны бар ел - шоқтығы биік ел» - деп жазған болатын. Сол себепті атамыздың қалдырып кеткен асыл мұрасы – барша адамзат баласына ортақ асыл құндылық болып табылады.

Арыстанбек Мәншүк


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар