Өлең, жыр, ақындар

«Түркістан уалаятының газеті» - қазақ баспасөзінің алғашқы темірқазығы

Қазақ елін XIX ғасырдың екінші жартысында патшалы Ресей бодандық бұғауын мықтап салып, толықтай басып алған кезеңінде Орынбор, Ташкент секілді бірқатар ірі қалаларда ұлт тіліндегі газеттеріміз жарық көре бастады. Мақсаттары ана тіліміздегі өз төл газеттерімізді өзімізге қарсы пайдалану. Әлбетте, қазаққа жанашыр болып, мәдениетімізді қолдап шығармағандары белгілі. Патшалық саясаттарын тереңінен түсіндіріп, жарияланған жарлықтармен әмірлерін жүргізе отырып, жоспарлаған ойларын жүзеге асыру еді.

Бәрібір қазақ баспасөзінің оның ішінде ұлттық газетіміздің дүниеге келуі қазақ халқының көзін ашып, саналарына рухани мол азық берді. “Түркістан уалаятының газеті”- бүгінгі газет-журналдардың атасы, қазақ баспасөзінің тұңғышы, солардың бірегейі. Газетте жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін баяндайтын мақалалар болды. Адамдарды ел ішіндегі жаңалықтармен, сыртқы саясатпен әрі мәдениет, білім, әдебиетке қатысты  тағы басқа материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Жалпы қазақта жаңа бір кезең басталды деуге толық негіз бар. Оған дәлел, ауыздан ауызға тарап келе жатқан жыр-дастандарымызды  дер кезінде заманға сай қағаз беттеріне түсіреді. Тарихымыз толастап жатқан асыл мұраларымызды сақтап қалып, келешекке жеткізуде солайша зор ықпалы тиді. 

Газеттің кейінгі сандарында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, сауда-саттыққа қатысты материалдарда  жарияланды. Қытаймен шекарадағы қазақтар арасындағы, Ресей мен Қытай , татарлар мен өзбектер арасындағы сауда қарым-қатынасы, банк жөнінде түсіндірмелер болады. 

“Түркістан уалаятының газеті” өз жұмысын тоқтатқанға дейін қазақ елінде халық ықыласына бөленіп, өз оқырмандарын жоғалтпады. 1870 жылдан бастап жарық көрген бұл газет Орталық Азиядағы алғашқы мерзімді баспасөз болып саналады. Күні бүгінге дейін газет пен сол кезде жарияланған мақалалар әлі де тың зерттелуде.

Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің 1 курс студенті: Есенгелдиева Айгерім


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз