Өлең, жыр, ақындар

Міржақыптың "Жастарға" үндеуі

Қазақ елінің қамын ойлап, халқына үндеу тастайтын батыл Алаш зиялыларының бірі - Міржақып Дулатов. Қайраткер өзгерісті тек жаңа толқын алып келетінін білген.  Сол себепті, 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетінде "Жастарға" деген өлеңін жариялайды. Міржақып:

"Найзаменен түртсе де,

Жатырмын, қазақ, оянбай." - деп отаршылдық езгінің сипатын найзаға теңейді.

"Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге, ой, Алла-ай!

Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,

Атырафқа көз салсақ.

Көзі іскенше ұйқыға

Келе жатқан тоя алмай?"-деп халқының төзімділігіне қайран болса да,  бұл үнсіздікке налығанын айтады.

"Етемін үміт жастардан,

Жаңа гүл шашқан бақшадай," деген жолдар Міржақып жастарға үміт артып, үлкен өзгерістер күтетінін аңғартқандай.

Ал: "Мұрадын оңай кім табар,

Жар салып жұртқа қақсамай?"- деп проблеманы ортаға шығару, айту керек дегенді айтқысы келген. Әрине,  ащы шындықтың жолы да тайғақ. Бірақ , Міржақып жас толқынның жанып тұрған жалыны мен ширақтығын анық көрген.

Бұл буынның күші жаңашылдыққа бастар деп:

"Халыққа, жастар, басшы бол!

Қараңғыда жетектеп." деген.

"Терең судан өтер ме,

Мың қойды серке бастамай?"-  деп қазақ жастарынын  бір отар қойды бастаған серкедей , алға тартар көшбасшы болуға үндеген.

Алаш ұлы Міржақып Дулатовтың батылдығы, көрегендігі мен парасаты бұл үндеуден көрініп тұрғаны анық  дер едім.

Калимуратова Аяна Асылханқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультеті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз