Өлең, жыр, ақындар

Көркем журналистика

Журналистиканың көптеген салалары бар. Соның ішінде көркем журналистика. Салалар ақпарат түріне, мәлімет түріне байланысты әр түрлі болып ажыратылады. Ал қазір біз жоғарыда айтылған көркем журналистика жайлы сөз ететін боламыз.

Көркем журналистиканың атауының өзі көркемдікті, әсемдікті, кербездікті білдіреді. Яғни, адам өмірінің көркем бөлшегі. Ол не арқылы көрініс табады? Әр түрлі тұлғалардың бізге қалдырған суреттері, мүсіндері, ескерткіштері, өлеңдері, романдары, әндері. Айта берсе, туындылар өте көп. Және осындай шығармалардағы әдемілік, осындай тақырыптағы жаңалықтар, сұхбаттар, реплртаждар көркем журналистикада көрінеді.

Бір сөзбен айтқанда, өнер жайлы талқылау. Оның ішіне бейнелеу өнері, фильм, әдебиет, музыка, театр, сәулет өнері кіреді. Өнер туралы жазатын журналистер мен сыншылардың әдебиеттану, гуманитарлық ғылымдар, өнертанудан білімдері бар. Бұл салада қалам ұштап жүрген адамдардың бәрі журналистика мамандығын бітірмеген. Яғни, ол міндетті емес десек те болады.

Мысалы, көркем журналистикаға жататын кез келген журналдың алатын болсақ, оның басты тақырыбы өнер екендігін білеміз. Онда әр түрлі практикалық жағынан түсіндірме мақалалар, критикалық теориялар бола алады. Осындай сынды журналдар баспа түрінде де, ғаламтор көзінде де жариялана алады. Және олар әр түрлі аудиторияға, оның ішінде қарапайым сатып алушыларға, галереяларға, кәсіби суретшілерге, көркемөнерпаздарға арналады.

Көркем журналистика бұрыннан халықты өнермен қамтамасыз етудің бір амалы болып табылады. Журналистиканың бұл түрін кейде мәдени журналистика деп те атап жатады. Себебі, журналистер мәдени туындыларды, оқиғаларды көркем тәсілмен жеткізеді. 

Айару Дәулет


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз