Өлең, жыр, ақындар

Мен таңдаған мамандық

Жалпы, мамандық дегеніміз-әрбір адамның өмір жолындағы таңдауы, өзінің сүйікті ісінің әрі қарай дамуына үлес қосуға арналған белігілі бір сала түрі. Мамандық-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Қазақта белігілі бір сөз қалыптасқандай: "Мамандық таңдаудан қателеспе, кейін жар таңдаудан қателеспе" дейді. Яғни, бұл сөздің мағынасына кеңінен тоқталсақ: Мамандық саласы өмірдегі болашағына тікелей тығыз байланысты. Яғни жар таңдаған секілді адаммен өмір-бақи бірге болу деген сияқты, мамандықта соңына дейін сенімен бірге болады. Оны сен өзгерте де, алмастыра да алмайсың. Сондықтан өзіннің сүйікті жұмысыңды мамандық деп қабылдап, санаға сіңірген дұрыс. 

Мамандық сөзі латын тілінде "жұрт алдында сөйлеу", жариялау деген сынды мағына білдіреді екен. Бірақ дәл осы мағынаны бірі білсе бірі білмес. Бұрыңғы заманда шектеулі мамандықтар елге үлес қосса, қазіргі Жаңа Заман шарықтаған қоғамда саны көп, сапасы жоқ мамандықтар көбеюде дейді-мыс... 

Мен ешбір мамандықты бөлмеймін, шектеп, дұрыс емес деп айта алмаймын. Бірақ, дегенмен қазіргі қоғамда нарықтық қарым-қатынас пайда болып, елдегі адамдар мамандықсыз ақ басқа шетелде білім алып, білімің жетілдіріп, дипломсыз жұмыс жасап жатыр немесе жұмыс жасатып жатыр. Мағынасын өздеріңізде түсінген боларсыздар. 

Кемеңгер Абай атамыз айтқандай" Сенде бір кірпіш дүниеге", кетігің тапта бар қалаң... "дейді. Осы бір өлең жолдарындағы мағына арқылы өмір жолындағы мәнді тауып, бағытымды аша алдым деп айтсам болады. Мені де бұл мамандық деген сөздің өзі кезіңде біраз ойландырып, көкейімді тесті. Бірақ мен өзіме керектіні тез таптым. Журналистика саласы-халыққа жақын, халықпен тығыз байланысты, елдің дамуына үлес қосатын үшінші билік. Әрбір адам бала кезден бір мамандыққа бейім болады, бірақ ол мамандықты өзгертуге құқылы болады. Менде мұғалім, суретші, биші, әнші деп айттым. Бірақ, ол тек қиял жолындағы ойларым еді. Қазір нақты қадамды бастадым. Журналист-әдеби, көркем, сөзге бай болуы керек. Оның да жұмысы оңай емес. Халыққа тек ақиқат, әділ, дұрыс жаңалықты жеткізу керек. Араңдық жолында жүрмеу керек. Яғни басты ой-ақша болмауы керек. Журналистика саласы-әділеттілік пен ізденісті өте қатты қажет етеді. Ол жауапкершілікке үлкен үмітпен қарайтын сала. Мен үшін осы мамандықты алып шығып, зайырлы қоғамға үлес қосу үлкен бақыт. Өзімнің сүйікті мамандығым арқылы болашақта толықтай шабыт ала алатыныма сенемін. Және де шығармашылық жолда шеберлікпен жүру, жұртыма шындықты айту мендегі міндет әрі мен бұны жүзеге асырамын. 

Болашақтағы мақсатым-зерттелмеген елдегі ахуал жағдайды зерттеп, еліме жақын болсам деймін. Елге туристтер келуіне ықпал жасап, елді көркейтіп, басқа елге танытқым келеді. Түрлі баспасөзден мақалам шығып, газет-журналда біраз дүние, еңбек қалдырып, көгілдір экраннан көріну мен үшін үлкен мәртебе болып қалары аңық. Мен өз елімді мақтан тұта, мамандығым мен еліме адал болып, зор үлкен сүйіспеншілікпен қараймын! Еліміздің болашағы-біз. Алдағы елдегі жағдайда бізге байланысты. 

Умаргалиева Фатиха


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер