Өлең, жыр, ақындар

Қарулы Күштердегі рухани тәрбие

Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас. Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда. Осы аз уақыттың аралығында Қазақстан терезесі тең елдермен иық тіресті. Білім, ғылым, спорт, медицина, мәдениет тағы басқа салалар алдыға жылжыды, өсті, дамыды. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген оң  өзгерістер орын алды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат пен міндеттерді жүктеп отыр. Осы отыз жыл ішінде ел әскері құрылып, оның іс-қимылы жанданды. Жылдан жылға дамып, қанатын кеңге жайып келе жатқан әскердің осы тәрбие құрылымы саласының Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік деңгейін арттыруға қосқан үлесі өте зор деп айтуға болады. Мемлекетіміздің қорғаныс қабілеті артып келеді, еліміздегі татулық пен бейбіт заман, экономиканың артуы барлығы Қарулы Күштердің жылдан жылға деңгейін арттыруға әсер етеді. Тәрбиеші құрылымның офицерлері әлем мен еліміздегі оқиғалардың барлығын сарапқа салып, жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына үнемі зерттеулер жүргізе отырып, командирлерге тәрбие жұмыстарына қатысты ұсыныстар береді екен. Жалпы, Қазақстан тәуелсіз ел ретінде өзінің дербес әскерін құру ісін 1992 жылдың 7 мамырында Президенттің «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» жарлықтары шыққаннан кейін бастап кеткен екен. Осы күні еліміздің аумағындағы КСРО әскери күштерінің есебіндегі мекемелер, бөлімдер, құрамалар, ұйымдар, полигондар, сақтау базалары, қоймалар, жылжитын және жылжымайтын әскери мүліктер Қазақстан құзыретіне берілді. Тағы бір еске түсіре кетер жайт, дәл сол күні генерал-лейтенант Сағадат Нұрмағамбетовке генерал-полковник шені тапсырылды және ол еліміздің Қорғаныс министрі болып өз қызметіне кіріскен.

Адамның моральдық-адамгершілік қасиеттері сөздерімен – рухани күшімен анықталады. Рухани күштің негізі: ақыл, сезім, ерік күші. Адамның осындай қасиеттеріне бағытталған мақсатты жұмыстары тәрбие құралы болып табылады». Рухани тәрбие дегеніміз не? . Осы сұраққа жауап беріп көрейік. Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақтың тәрбиесіне зор мән берген. Қазіргі қарыштап дамыған елде, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріліп отырғаны  белгілі. Себебі ұлттың бүгіні де, болашағы да өскелең ұрпаққа байланысты.   Тәрбие – қоғамдық үздіксіз үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның қарым – қатынасындағы басты жүйе. Оның негізі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жеке қасиеттерін қалыптастыру. Оқушы бойында саналы тәрбие мен байыпты мінез қалыптастыру, рухани дүниесі бай  интеллекті тұлға тәрбиелеу ұстаздың мақсатқа бағытталған іс – әрекетіне байланысты. Халқымыздың ғасырлар бойы ұлан- байтақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда ерлігімен көріне білген батырлары мен қолбасшыларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын ойлаған шешен — даналарын мақтан еткен. Отанымызды қорғау, шежіреге толы тарихын білу, тілі мен дәстүрін сақтау, зерттеу – азаматтық борышымыз. Сондықтан бар халық мақсаты өзінің өскелең ұрпағына тәрбие беруде күнделікті тұрмыс кәсібін ұлттық арнада ұйымдастырып, рухани- адамгершілік тағылымымен ұштастыра білген.

Рухани – адамгершілік тәрбие – белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған. Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарына негізделеді. Баланың отбасынан алған тәлім-тәрбиесі  – мектеп қабырғасында жалғасын табатыны белгілі. Сондықтан, еліміздің болашағы саналатын жастарымыздың тәрбиесіне мән беру – басты мақсат болу қажет. Осыған орай, мектептегі тәрбиені ұлттық қағидалармен толықтыру айрықша қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңда мектептер балаларға жекелеген ғылыми пәндерді терең оқытуға назар аударады, ал адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей жатады. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық ұғымына жете мән бермейді. Демек, адамгершілік-рухани тәрбие мәселесіне дұрыс көзқарас қалыптастыру бала тәрбиесіндегі алғышарттардың бірі екенін ұмытпауға тиістіміз.

Рухани тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттері  қоғамыздағы өзгерістердің барлығына жастардың араласуына бірдей ықпал жасау, оған негізінде мектеп жасынан отанға деген сүйінспеншіліктерін артыруы қажет ол дегеніңіз патриоттық тәрбие негізін түсіндіру болып табылатынын естен шығармауымыз қажет.

Меліс Диана Оралқызы

Дінтану мамандығының 4 курс студенті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жетекші: аға оқытушы, PhD Мұқан Нұрзат


Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз