Өлең, жыр, ақындар

Дінтану мамандығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Дінтану» мамандығы оқытылады.

Дін - қоғам өмірімен беттесіп жатқан, ерекше рухани сала. Сондықтан да, Дінтану мамандығы бізге Жаратушыға деген сенімді дұрыс ұялатуға,сонымен қатар рухани дүниені байытуға арналған мамандық.

Дінтану - біздің елімізде жаңадан қанат жайып келе жатқан, жаңа, жасампаз мамандық. Жалпы Дінтану мамандығы жоғары білім берудің барлық стандарттарын қолдап, бағынатын ең үздік білім беру саласының бірі десек қате айтпаймыз.

Дінтану - діни ағымдар мен ілімдердің, діни ескерткіштер мен құнды тарихи, діни мұралардың, көптеген діни ұйымдар мен адамдар арасындағы ара-қатынасты тереңінен анықтап, әр кезеңдегі діни ахуалды зерттеп, діни қақтығыстардың алдын алады.

Дінтану мамандығын Университетте оқыту барысында атеистік немесе теріс көзқарастардан аулақ болып, теріс ағымдарды айыра білуді үйретеді.

Дінтану бұл - зайырлы, сан ғасырлар бойы нақты зерттеліп, жинақталған білім. Дінтану мамандығынының оқытушылары бакалавр мамандығындағындағы студенттерге өзге діни бағыттарға, діни түсініктер мен әдет-ғұрыптарға терең түсіністікпен қарауға бағыттайды.

Дінтану мамандығының артықшылығы қандай? Дінтану мамандығын оқу барысында шет тілдері, соның ішінде араб тілінен сабақтар өткізіледі. Практикадан өту діни орталықтарда, әкімшіліктердің ішкі саясат департаменттерінде, университтерде, колледждерде жүзеге асырылады. Бакалаврды үздік аяқатаған студенттерге магистратура мен РһD білімін жалғастыруға мүмкіндік өте көп.

Қорытындылай келе, Дінтану мамандығын үздік меңгеріп шыққан мамандар:

- ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері;

- Дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни-философиялық мәселелері бойынша ғылыми-зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкер;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары және т.б. қызметтерді атқаруына жол ашылады.

Дінтану мамандығының берер мүмкіндігі мен қолданылу аясы өте кең! Сіздерді Дінтану мамандығын таңдауға,үздік білім алуға шақырамыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану мамандығының 4-курс студенті Серікқұл Темірлан Есболұлы  

Жетекші: аға оқытушы PhD Мұқан Нұрзат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер