Кеше бір қариядан естіген әңгімем маған қатты әсер етті. Соны өздеріңізбен бөліскім келіп отыр. Қазіргі Қаратаудың етегіндегі бүгінгі Абай-Бабай ауылы маңында болған оқиға екен. Бір байдың мыңғырған малы, екі төбеті болыпты. Екі төбеті аймақтың басқа иттерін қан қақсатып, бүкіл ит атаулыда тең келер сабалақ табылмапты. Екеуінің мықты деген аты шығып, елдің аузында аңызға айналыпты.
Сол төбеттердің бірін бай үйіне келген бойда төрде ілулі тұрған мылтықты ала салып атып тастайды. Екіншісін де атқалы тұрғанда әйелі мен бала-шағасы жабылып2 төбетті аттырмай аман алып қалады. Сондағы байдың ашуына тиген оқиға былай болыпты.
Сол күні бай бір қырдың басында қойларын бағып, алыстан қарап тұрса, әлгі қырдың астынан бір шаң шығады. Сол-ақ екен соңына ілесіп жүрген екі төбеті байдың атының бауырына кіріп қыңсылап жата қалады. Байқап қараса, жаңағы шаңның артында, бір көкжал қасқыр бұларға тіке беттеп, қарсы шауып келеді екен. Содан екі төбет ығып тығылып қалады. Бірақ көкжал қасқыр байдың қасынан жан ұшыра өте шығады. Сөйтсе артында оны жаналқымға алып, бір дүрек (тазы мен төбеттен туған) тазы қуып келеді екен. Ал әлгі байдың екі төбеті сол қасқырдан қорқып, кіретін ін таппай, ат сауырына тығылғанымен, артында қуып келе жатқан дүректі жабылып талай бастайды. Қасқыр құтылып ол кетеді. Ал дүрек сол жерде екі төбетті шеңгелдің тырнағында қалып, азулы төбеттер екі аяғын шайнап, қан жоса қылып өлтіреді. Байдың арашасына да пысқырмайды. Содан ашуланып бай екі төбетті атып тастамақшы болған екен.
Әр заманда, әр елде дүректей жігіттер туады. Оған қоса оны талайын төбеттер де қоса туады-мыс.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі