Өлең, жыр, ақындар

М.Әуезовтың ‘’Абай жолы’’ роман-эпопеясын әлем әдебиетті үлгілерімен салыстырып, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Жаңа ғасырдың жарқын жолына қадам басқан ұрпақтың бүгінгіні танып білуі кешегі тарихымызды жете білуімен сабақтасатыны дәлелдене түсетін щығармаларының бірі-“Абай жолы”роман-эпопеясы. Елімді таныту барысында көкейімде “Өз елімді ұшпаққа, яғни әлемге қалай шығарамын?Әлемнің терезесі тең, қатарлы жұрттарының қатарына қалай қосамын?” деген хакім Абайдың ойын сан саққа бөлген мәселе мені де толғандыруда. Егер де Мұхтар атамыздың осы төл туындысы болмаса, сұрақтарыма жауап таппай дал болар едім.

Шығарма Абай жайлы болғанымен, оның бейнесі бүкіл қазақ қоғамының жарты ғасырлық даму жолындағы үдерісі, күресі, Абайдың өсу жолы арқылы халықтың рухани өсуі, кемелденуі қатар өріле тартымды бейнеленеді. Абай өмірінің әр кезеңі, рухани биіктік өлшемі сөз болады. ''Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ескі заман жетегінде қалған топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абай бейнесін күллі дүниеге паш еткендей'', - деп айтқан Ш. Айтматовтың ой-түйінін қорытындылағанда, Абай ақындығының қос арнасы- ұлттық сөз өнерінің, орыс, батыс әдебиетінің әсері терең ашылатынын көреміз.

Шығармада екі түрлі Ресейдің келбетін танытатын бейнелер бар. Абай дүниетанымының қалыптасуына озық ойлы, халықшыл зиялы қауымның зор ықпалы болғаны өмір шындығына  сәйкес көрсетілген. Билікте отырған билеушілер  озбыр патшалық өкілді танытса, ал екіншісі Абай ойлас, орыс халқының адал ұлдарының ұнамды бейнесі көркем, тартымды суреттеледі.

Шығармада түрлі тақырыптар, таптық-кереғарлық тартыстар, әйел теңсіздігі тағы да басқа мәселелер көктей өте, іштей біріктірілген. Қазақ жұртының бір ғасырлық  өмірін  жан-жақты тұрмыс-салттық, әдет-ғұрыптық, наным-сенімдері, ұлттық құндылықтар  мол суреттелген. Шығарма мызғымас  салт-дәстүрдің, ұлттық құнылықтардың символы болған адамдармен әлемге паш етілді, дүйім жұртқа мәшһүр болды. Міне, сондықтан да  ‘’Абай жолы ’’-қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік әдебиеттің де үздік туындысы. Ол қашан да, қай кезеңде болсын, тарихи һәм көркемдік шығарма болып қала береді.

Роман жанрының барлық қасиеті үйлестірілген азаматтық пен күрескер қайраткерлігі біте қайнасқан шығармада психологиялық, әлеуметтік, саяси жанры бір арнада тоғысқан.

“Абай тынысы-заман тынысы, халық үні” деген Мұхтар Әуезовтың пікірін сол замандағы өмір құбылыстары Абайдың жарты ғасырлық өмірінің толық тұрмысын танытады, ол қазақтың дамыған жаңа ұлттық әдебиеті мен тілін байытуға үлес қосты. ’’Қалың елім, қазағым’’ өз халқының болашағына көп алаңдаған Абайдың азаматтық  тұлғасы  мен эстетикалық талғамын М. Әуезов суреттеп, қайталанбас бейнені жасауда Абайдың жүріп өткен жолы жарқын болашақтың кепілі іспеттес екендігін тағы да бір дәлелдеп өтті.

Орындаған: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1 курс студенті Бөгенбай Алма

Жетекшісі: Қазақстан тарих кафедрасының доценті Джолдыбаева У. М.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Сабыр

Пайдама жарады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер