Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті-көшбасшы университет!

Мен Тұрысмаханбет Маңғаз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бірінші курс студентімін. Түркістан қаласындағы жалпы орта мектепті аяқтаған соң, ҰБТ тапсырып білім грантын жеңіп алдым. Мен университет таңдауға мүмкіндік берілген кезде ҚазҰУ университетін алғашқысы етіп жазғанмын. Мектеп кезінен ҚазҰУ-ға түсуді қатты қалайтынмын. Осы университетке түскенімді білгенімде қатты қуандым. Еліміздегі үздік университеттің бірінде оқу мен үшін мақтаныш. ҚазҰУ - ол әрбір жас түлектің арманы деп ойлаймын. Менің қазіргі оқып жатқан мамандығым “ Есептеу ғылымдары және статистика” . Осы бір курс ішінде білімді шыңдап, бар білгенін үйретіп жатқан оқытушыларға үлкен алғыс айтамын!ҚазҰУ -тарихы мол білім ошағы. Еліміздегі белгілі қайраткерлер осы университет түлегі. ҚазҰУ қалашығы студенттер үшін көп жағдайлармен қамтамасыз етілген. ҚазҰУ- әр іздемпаз студент үшін мүмкіндіктер алаңы. Университетіміз әлемдегі үздік 200 университет қатарына енген. Әрбір бітіруші білімге құштар жас түлектерге ҚазҰУ -ға түсуге кеңес беремін. Осындай көшбасшы университеттердің бірінде оқу біз үшін мақтаныш!

М. М Тұрысмаханбет, ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының 1-курс студенті.
Жетекші: аға оқытушы Уразгалиева Светлана Аманжоловна.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз