Өлең, жыр, ақындар

Әль-Фараби университеті

Менің аты-жөнім Жақсылық Ләззат. Мен Шымкент қаласының тұрғынымын. 2021 жылы Ұлттық Бірінғай Тест тапсырып жоғары балл жинап , Қазақ ұлттық университетіне, өзім қалаған университетке түстім. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті іргетасын сонау 1934 жылы Киров атындағы университет болып қалаған еді. ҚазҰУ әлемдіңк ғылым мен білім айдынында еркін жүзетін көшбасшы университет екенін дәлелдеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - бұл бай дәстүрі, көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесі бар жоғары оқу орны. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – мемлекеттік аттестаттаудан бірінші болып өткен және барлық мамандықтар мен деңгейлер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растаған Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесінің жетекші мекемесі. ҚазҰУ менің бала күнгі арманым. Алатаудың баурайында керметтей ғимарттарымен көз тартатын мекенге әрдайым оқысамғой, сол қасиетті мекенде үлкен өмірге аяқ бассам ғой деп армандаушы едім. Шүкір, армандар орындалады.ҚазҰУ да студенттердің барлық жағдайы жасалған. Мен механика-математика факультетінде оқимын. Соның ішінде математика және компьютерлік модельдеу мамандығын оқып жатырмын. Бұл университетте мен өзіме қажетті де жеткілікті білім аламын.Өз мамандығымның иесі атанып шығатыныма сенімдімін. Алдыма қойған мақсаттарымның бірі бұл осы университетте жоғары білім алу болып табылады. Университеттің өзінің қалашығында студенттерге қызмет көрсету орталығы, компьютерлік орталық, медициналық орталық және жатақханалар және де Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер бар. Студенттерге ыңғайлы әрі барлық мүмкіншіліктер жасалынып қойған. Студенттер өздерін әрі қарай жетілдіру мақсатында Жас ғалымдар үйі, спорт кешені және стадион, студенттердің игілігі үшін өте ауқымды "Әл-Фараби” кітапханасы бар.ҚазҰУ ең керемет мекен. Мен үшін және барлығы үшін ҚазҰУ ең бірінші орында. 

Автор: Жақсылық Л, ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің математика және компьютерлік модельдеу кафедрасының 1-курс студенті. Жетекші аға оқытушы Уразгалиева Светлана Аманжоловна.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз