Мен 2021 жылы мектеп бітіріп, ҚазҰУ-ға механика-математика факультетінің робототехникалық жүйелер мамандығына грантқа түстім. Грант конкурсының нәтижесі шыққан кезде өз көзіме өзім сенбедім, қатты қуандым.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстандағы ең танымал және беделді жоғары білім беру ұйымы болып саналады. 88 жыл бұрын құрылған университет бүгінгі таңда әлемдік деңгейдегі атаққа ие. Бұл жоғары білім беру ұйымы тек үздіктердің бірі ғана емес, сонымен қатар еліміздегі ең ірі университеттердің бірі. Университет құрамына 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар кіреді.
Бұл университеттің көптеген жақсы жақтары бар. Менің ойымша, университеттің басты артықшылығы - әр студенттің бойынан ерекшеліктерді, таланттарды табуға тырысатын және оларды дамыту үшін барын салатын, мүмкіндігінше бар білімімен бөлісіп, бағалы кеңестер беретін оқытушылар болып табылады.
Мен үшін университет - өмірде адамдарды және өз-өзімді танудың тәсілдерінің бірі. Білім алу жолында университет өте жақсы «мотиватор» болып табылады, өйткені сізді әрекет етуге, күресуге және әр уақытта сіздің жеке тұлға болу құқығыңызды дәлелдеуге мәжбүр етеді. Дәл осы себептерге байланысты мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін таңдадым. Бұл университеттің өзіндік ерекше атмосферасы бар. Мұнда оқу да, өмір де бар. Мұнда жұмыс, шығармашылық және спорт бар. Сонымен қатар, бұл университеттегі білім деңгейі тек еліміздегі ғана емес, әлемдік аренадағы да жоғары талаптарға сай келеді.
Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр. Студенттер сарайында өнерлі студенттерге арналған студенттер клубы жұмыс атқарады. Студенттер клубының дарынды мүшелері талай байқаулардың жеңімпаздары. Соның бірі ретінде, «Бақыт» би ансамблін ерекше атап өтуге болады. Университетімізде дәстүрлі түрде «Жалын» бірінші курс таланттарын анықтау, «Студенттік көктем», КВН, «Ана тілі аруы-Жігіт сұлтаны» сияқты байқаулар жоғары деңгейде өткізіліп тұрады.
ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негізде магистрант, докторанттарға екі адамның жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – шетел ЖОО-дағы белгілі ғалым. Осының бәрі де ҚазҰУ студенттері үшін халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады.
ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде.
Әбдіғали Мерей ҚазҰУ механика-математика факультетінің 1 курс бакалаврианты. Жетекші: Уразгалиева.С.А
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі