Өлең, жыр, ақындар

Дін – қоғам тармағы

Дін- адамзат тарихы мен дәстүрінің, өмірлік тағылымы мен тәрбиесінің қайнар көзі. Дінді мемлекеттен бөліп қарғанмен де, оны қоғамнан алшақтатуға еш негіз жоқ.

Қоғамдық кеңістікте діннің алар орны ерекше. Дін қоғамда әр түрлі қызметтер аясында өз мәнін заман дамуына сай жаңғырта алуымен ерекшеленіп, қоғамда бірлік пен тәрбиелік жүйелерді енгізуде,сенімді және қауіпсіз қоғамды қалыптастыруда маңызы зор болып табылады.

Сонымен қатар, дін тәрбие мен әдептілік, сыйластық негіздерін алға тарта өз мәнін айқындайды. Осылар арқылы адам, өз өмірінде және өзі өмір сүріп отырған ортада жәбір көрсету, әділетсіздік пен қаскөйлік секілді зиянды құндылықтар енуіне жол бермейді.

Осы сәтте Дінсіз қоғамды елестету қиын әрі қорқыныш тудыратыны рас түінік. Дінсіз қоғамда- құндылықтар жүйесі жойылып, қылмыс пен тәртіпсіздік кең етек жаяды. Осы негізде қауіпті қоғам орнығу мүмкіндігі үлкен мәселе тууғызады.

Әлемді барша халықтар мен мемлекеттер өз тарихын зерттеуде діни және рухани үдерістерді негізге алады. Діннің дамуы мен мәдениет тарихы халықтың даму тарихының бөлігі . Осы кезде дін өзінің тағы бір мәнділігін айқындай түседі. Ол кез келген халықтың тарих сахнасындағы халықтың рухани және мәдени өркендеуінің басты факторы екендігін көрсетеді.

Қорыта айтқанда, сөз етілгендей, “дін- қоғам бөлігі”. Осы негізде қоғамда діни сананы жетілдіру де басты назарда болар тақырып. Өскелең ұрпақтың діни түсінігін дамыту, тәрбиелік пен париоттық сезім оятуда маңызды міндет.

“Дін мен қоғам бірлігі- ел тұтастығының даму кепілі”. Дінге деген құрмет бұл қауіпсіз және дамыған қоғам кепілі бола алады, ал дамыған қоғам- өркениетті мемлекет бастауы. Сол себепті де қоғамдық дамуда, жслпы қоғамды діннің рөлі айқын, себебі “Дін – қоғам тармағы”.

Нұржақып Шалқар, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті

 Жетекшісі ҚазҰУ аға оқытушысы Кантарбаева Ж.О.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз