Джасыбаева Венера, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті
Жетекшісі ҚазҰУ оқытушысы:Сарсембаев Р.М
Дін мен психология байланысы-жалпы психологияны грек тілінен аударсақ, рух, жан деген мағынаны білдіреді. Енді тікелей түсінуге де болмайды. Рухты зерттейді Рухты баяндайды десек, қателесеміз. Сонымен қатар, жанды тереңінен түсінеді, күйіңді, эмоцияңды зерттейді. Ислам іліміне келетін болсақ, ”нәпсі ілімі” деген бір бөлек ілім бар. Адамның ішкі табиғатын зерттейдін ғылым ретінде қарастырсақ, сол секілді, психологияда да адамның көңіл күйін, табиғатын зерттейді. Психология біздің ұлтымыз да да, дініміз де де, күнделікті өмірімізде де бар. Осының барлығын діни көзқараспен қарасақ, адамның табыну психикасы, жалбарыну психикасы, Құдайын жанында деп сезіну ойлары барлық діни сезімдер осы психологиямен тікелей байланысты.
Психологиядағы дифференциялды психология атты термині тікелей дінмен байланыстыруға болады. Бұл терминге адамның діни сана ойлау жүйесі мен құдайына сену кезіндегі әртүрлі сезімнің барлығын жатқызуға болады.
Психологиядағы діни элемент деп - Анимизм терминін айтуға болады. Оған діни сенім кезіндегі психология санасымен байланыстыра отыра дінде де, психологияда да бар “Жан, рух”-тың бар екені, рас екенін дәлелдейтін элемент түрі.
Ислам психологиясы - Құдайға сенетін адамдарын пенде деп атайды. Сондай-ақ, пенденің жеке психикасына үңілсек, ең алдымен тазалыққа жетелейді. Сенімге, сезімге апарады. Сонымен қатар, тазалықпен қатар, таза әрі әділ өмірдің келетініне сеніммен қарайды. Құдайға сеніммен қарағанның өзінде адамның психикасындаол жалғыз еместігі. Қандайда бір, қамқорлықта жүргені туралы сезім пайда болады. қандайда бір, жақсылықтардың келуіне сенеді. Сонымен қатар, қылмыстық іске бармауының психикасы, жанында біреу бақылап тұруы немесе аспаннан енді әр адамның психикасына, санасына байланысты. Психологияны адамның өзі қалыптастырады. Кейбір адамда, қалай қалыптастырды солай шектеліп қалып қалуы мүмкін.
Ислам дінінде Алла елшісі Мұхаммед (с.а.у) психологиясы - Өмір сүру стильін үйретеді. Пайғамбарымызға еліктеу барысында, идеалдылыққа жетелейді. Барлығы үлгі ретінде көрсетілген. Тіпті жұптық қарым-қатынас, достық, балаға қарым-қатынас т.с. Бұның барлығы, психологияда бөлек-бөлек түсінік. Мысалы, ер мен әйелдің қарым-қатынасы өте өзекті әрі қарқынды даму үстінде. Дәл сол секілді, балаға деген қарым қатынас та өте психологиялық тұрғыдан, керемет тақырыптарға айналған. Пенделерін тек әділдікке жетелеу. Көркем мінездікке, бауырмалдылыққа жетелеу болып табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі