Өлең, жыр, ақындар

Кемшілік пен кешірім

Кішкентәй кезім. Жұмыстан шаршап келген анам әкемнің алдына қуырылған жұмыртқа мен жартылай күйіп кеткен қарма нанды қойды. (қарма нанды үйде өзі пісіретін). Әкем анамның жүзіне жымиып қарап қарап қойып, күйген қарманы май жағып, біртіндеп аузына салып отырды. Менен сабағымның жәйін сұрады. Ас ішіп, дастарқан басынан тұра бергенімде анам әкемнен қарманы күйдіріп алғанына кешірім сұрады. Сонда әкемнің бар айтқаны: "Жаным-ау, мен күйген қарманы жақсы көремін ғой", - деген сөз болды. Жатар алдында әкемнің қасына барып бетінен сүйдім де: "Әке! Сіз шынымен де күйген қарманы жақсы көресіз бе?", - деп сұрадым. Сол кезде әкемнің мені құшағына алып айтқан мына бір сөздері мәңгі есімде қалып қойды: "Сенің анаң күнде жұмысқа барады. Үйге шаршап келеді. Оның үстіне аз ғана күйген қарманың ешқандай зияны жоқ. Сосын мен де барлық жұмысты бірден кемшіліксіз атқара алмаймын ғой. Кейде мен де қателесемін. Сол себептен бір-бірімізге кешіріммен қарап, қателессе, көңілін аулауымыз қажет" - деді.

Назар аудар:

Жақсы көретініңізді айтыңыз

Өмірдің жаңғырығы

Джон Рокфеллер берген чек


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар