Өлең, жыр, ақындар

Ойландыратын 5 оқиға

1. Ферма қожайыны тышқан аулайтын қақпан қойыпты. Оны байқаған тышқан көрген-білгенін тауыққа, қойға және сиырға жеткізеді. Ал олар болса: «Қақпан — сенің проблемаң! Бізге оның еш қатысы жоқ! Өз шаруаңды өзің шеш» деп тышқанды сөйлетпей тастайды.

Кешкісін, қақпанға жылан түсіп, фермердің әйелін шағып алыпты. Күйеуі әйелі жақсарсын деп, тауықты сойып, сорпа дайындап беріпті. Ал әйелдің жағдайын сұрап келген қонақтарға қойды сояды. Жағдайы нашар әйел қайтыс болады. Ал садақа өткізуге сиырды сояды.

Осы көріністің барлығын тышқан өз інінен қарап отырыпты...

Түйін: Өзіңізге тікелей қатысы жоқ шаруаның, сізге мүлдем кесірі тимейді деп ойлау — үлкен қателік.



2. Бүркіт биік талдың басында отыр екен. Көңілі тоқ, абыройы бар бүркіттің ештеңе істемей отырғанына қызыққан қоян, бүркітке:

— Мен де сіз құсап, ештеңе істемей отырсам бола ма? — дейді.

— Әрине болады. Талдың түбіне отыра ғой, — дейді бүркіт.

Талдың түбіне жайғасқан қоянды, түлкі жеп қойыпты.

Түйін: Ештеңе істемей дем алу үшін — ұзақ еңбек жасап, абыройлы болу керек! Сонда ғана, түлкі сындылардың тісі батпайтын болады...

3. Фермада жылқы ауырып қалады.

Дәрігер:

— Жылқыға дәрі ектім. Егер таңертең оянбай қалса, өлді деп есептей беріңіз, — деп фермерге айтып кетеді.

Таң атты. Жылқы оянған жоқ. Қасында жатқан қой:

— Досым тұрсаңшы! Әйтпесе, сен өлесің, — деп жылқыны оятып алыпты.

Фермер:

— Міне керемет! Мен өте қуаныштымын! Бұл жағдайды атап өту керек, — деп қойды сойыпты.

Түйін: Өзіңізге қатысы жоқ іске — ешқашан араласпаңыз. Бірақ, қақпан туралы әңгімені де ұмытпағаныңыз жөн!

4. Жұмыс істеп жатқан үш жігітті көрдім. Бірі тас шауып жатыр, екіншісі нұсқау беріп жатыр, ал үшіншісі жай қарап тұр екен. Оларға:

— Не істеп жатырсыңдар? — дегенімде, бірі:

— Қиналып, жұмыс істеп жатырмын, — деді.

— Мен жұмыс жасатып, ақша тауып жатырмын, — деді екіншісі. Ал үшіншісі:

— Ал мен — Зәулім сарай салғызып жатырмын, — деді.

Түйін: Арманы жоқ адамды — арманы бар адам басқарады.

5. Такси жүргізушісі танымал миллионерді мінгізіпті. Үйіне жеткен миллионер, таксиге 500 теңге ғана береді.

Таксист:

— Мен кеше сіздің ұлыңызды осы үйге әкелдім. Ол маған 2000 теңге артық берді де, қажетіңе жарат деп қуантқан еді.

— Мен ол сияқты артық ақша жұмсамаймын! Себебі, оның әкесі — миллионер болса, мен — жетіммін.

Түйін: Маңдай термен тапқан табысын, ешкім артық жұмсамайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Ақберен

Мағыналы, еңбегіңе шырылдап жүрсең кейбір "бастықтар" түсінбейді, не болды деп - жұмыс жасап көрсең түсінесің дегің келеді

Али

Өзіңізге тікелей қатысы жоқ шаруаның, сізге мүлдем кесірі тимейді деп ойлау — үлкен қателік. өте орынды барлығы

Перизат

«Ойландыратын 5 оқиға» — мотивация мен әлеуметтік тұрғыдан маңызды сабақтар беретін, қысқа әрі мәнді әңгімелерден тұратын мақаланың бірі.

Онда берілген бес оқиға — кішкентай көріністерге қарамастан үлкен өмірлік сабақтар мен философиялық мәнге ие.

Мысалы:

Тышқанның ауыл малдарына айтқан «қақпан — сенің проблемаң» сөзі — қоғамдағы мәселені жоққа шығару дұрыс емес екенін көрсетеді;

Бүркіт пен қоянның әңгімесі — еңбек пен абыройдың маңызы туралы ойландырады;

Үш жігіттің әңгімесі — арманы мен көзқарасы бар адам ең ақылды шешімдерге жетеді;

Такси жүргізушісінің мысалы — маңдай термен келген табыстың қадір‑қасиеті туралы ой береді.

Осы секілді оқиғалар — күнделікті өмірдің қарапайым көріністерінен терең философия мен адам мінезінің мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Олар оқырманды тек көңіл көтеріп қана қоймай, ой салатын нәрселерге назар аударуға шақырады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар