Мың жасаған шаһар әсем Алматыда 20 ғасырдың ортасынан бері қарай мерзімді басылымдар жарық көріп тұрды. Солай бола тұра, ел астанасы болған Алматыда қазақ тілінде тарайтын газет жоқтың қасы болатын. Қоғамға ұлт тілінде жарық көретін басылымның қажеттігі көрініп тұрған дәл сол кезеңде Алматы қаласында 1988 жылы «Алматы ақшамы» газеті өз жұмысын бастады. Газетке белгілі журналист Исламғали Бейсебаев редакторлық етті.
«Алматы ақшамы» газетінің ерекшелігі қаланың тұрмыс-тіршілігіне арналған алғашқы басылым болуында еді. Күні бүгінгі күнге дейін еліміздің бірнеше облысында шығарылып келе жатқан газет Алматымен бірге біте-қайнасып, жыл сайын жаңа мазмұнмен байып, жаңарып-жасарып келеді.
Кез келген басылым сол замандағы жай-күйлерді баяндайтыны белгілі. «Алматы ақшамында да» көтерген алғашқы мәселелері мен қозғаған тақырыптары жер мен діл, тіл мен ұлттық мұрат, руханият пен ұлттық мүдде төңірегінде болды. Тәуелсіздік мықтап тұрып орнап, ел дамудың даңғыл жолына түскен кезден бастап, басылымның мақалалары да өзгеріп, көңіл көншитін, көкейді қуаныш кернейтін тақырыптарға ауысты. «Қала тынысы», «Қала қарбалас», «Жолдау» сынды айдарлары шындықтың туын желбіретіп, жаңалықтың жаршысына айналды.
«Алматы ақшамының» «Мәдени мұра», «Тұлға» айдарының 21.04.2022 жылғы шыққан санында «Көсемсөз зергері» атты Ғабит Мүсіреповке арналған мақала жарияланды. Ұлымызды ұлықтаған ұлт емеспіз бе!? Қазақтың халық жазушысына арналған мақаланы көргенде көкірегі ояу оқырман оқымай өтпеді. Мақала жазушының өмір жолымен басталады. Келесі мәтінді «Қара қарындаш» деп, сыншының өз естелігімен жалғастырады. Проза саласындағы Ғ.Мүсіреповтің туындыларына тоқталып, сыншының «Талғампаздығын» сөз етеді.
Мақаладан жазушының көпшілік біле бермейтін қасиеті аңшылықтан бөлек, сүйікті ісі-таяқ жону екенін білеміз. Жүрген жерінде өзіне ұнаған мықты ағаштарды жонып алып, әдемі таяқтар жасап шығарады екен. Жазушының жасаған сол таяқтары қазіргі уақытта мұражайда сақталған. Ғабит Мүсірепов мұражайындағы тағы бір ерекше дүние - жазушының досы Ғабиден Мұстафин сыйлаған ағаш орындық. Оның екі құлақшасы бар, оны жазса орындық болады, жинаса қолға ұстайтын таяқ болады. Жазушының ағаш өнеріне қызыққаны оның ешкімге ұқсамайтын бірегейлігін көрсетеді.
«Әлемнің әдебиет кітапханасына» Ғ.Мүсіреповтің энографиялық әңгімесі енген. Көсемсөз зергері Ғ.Мүсіреповке арналған мақала тың ақпараттармен оқырманына ұсынылып, жас ұрпақтың рухани байлығының молайып, жазушының әдебиетке енген үлесін тағы да бір айқындап берді.
«Алматы ақшамы» газеті тың дүниелерді паш етіп, оқырманы одан сайын көбейе түсіп, Алматымен бірге мәңгі жасай беретініне сеніміміз мол.
Жуанқан Айтолқын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі