Өлең, жыр, ақындар

Жеңіске жеткізген ардагерлер

Біз соғыстан кейін туған қазақ ұрпақтары - Ұлы Отан соғысында қан төккен әрбір ата-бабаларымызға алғыс білдіреміз. Ерең еңбектері үшін, тарих тағылымында алған орындары, жеңістін дәмін татып, жеңілістін дәмін тарттыртқызған ерлік иелерінің рухына бас иеміз...

Сұм соғыста жау оғымен арпалысып, бейбіт өмір мен мамыражай тірлік үшін жан беріп, жан алысқан аға ұрпақтың бұл ерлігін ұмытуға тиіс емеспіз. Болашақ ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүруіне бар үлестерін қосып, Отан үшін жас өмірлерін қыршыңнан қиюға дайын болған ардагерлеріміздің қатары сиреп келеді. Әрине, бұл жайт көңілге қаяу  салады. Дегенмен уақыт өз дегенін алары хақ.

"Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі"

-деп, жастарға ақыл кеңестерін айтып отыратын біздің ауыл тұрғыны, соғыс ардагері Асқаров Әбдіғаппар атамыздыңда дүниеден өткеніне екі жылдың көлемі болып қалыпты. Біз үшін, Ынтымақ ауыл тұрғындары үшін батыр, қайсар, өзіндік шоғыры биік тұлға болып қала береді. Сан қилы заманның болмысын, тарихын баяндайтын, көпті көрген ақсақалдарымыздың жоқтығы жанымызға батады...

Елім, жерім деп жеңіс туын көкке көтерген ата-бабаларымыздың арқасында, қазіргі таңда тәуелсіз өмір сүріп келеміз. 9 мамыр "Жеңіс күні", қазақтың маңдайына біткен, бес елі бағы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз