Өлең, жыр, ақындар

I Петр

Петр Алексеевич Романов бізге I Петр деген атпен танымал. 1682 жылдың 7 мамырынан бастап өмірінің соңына дейін Ресейді билеген.

Ол 1672 жылы Мәскеуде, I Алексей патшаның отбасында дүниеге келген. Романовтар әулетінен шыққан соңғы патша және Ресейдің алғашқы императоры.

Петр 1682 жылы 10 жасында патша болып жарияланды. 1689 жылдан бастап өз бетінше ел билей бастады.

Петр жастайынан ғылым-білімге, батыстық өмірге қызығушылық танытып өсті. Ол - орыс патшаларының арасында бірінші болып Батыс

Еуропа елдеріне ұзақ саяхат жасаған адам (1697-1698 жылдары).

26 жасар Петр. (Кнеллер тарапынан салынған портрет)

Осы сапарынан оралған соң ол Ресейге батыстық өмір салтын енгізіп, ауқымды реформалар жүргізді.

I Петр Ресейдің әскери қуаты мен халықаралық беделін арттыру үшін тұрақты орыс армиясы мен әскери-теңіз флотын құрып, әскери мектептің негізін қалады, әскери өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлді.

1700-1721 жылдары орын алған, 21 жылға созылған Солтүстік соғыста Ресей жеңіске жетіп, Еуропадағы қуатты державалар қатарына қосылды. Ал I Петр император атанып, Ресей империяға айналды.

I Петр 1725 жылы 8 ақпан айында қайтыс болды. Медициналық сараптама нәтижесі оның қанынан гангрена микробтары табылғанын анықтаған.

Назар аудар:

Кәрім хан Зенд

Теодорих


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (12)

Ерке

Рахмет

Нұрай

Көп көп рахмет . Іздегенімді таптым

Сұлтан

Рахмет сіздерге дер кезінде таптым

Диляра

Көөөөп рахмет!

Әсел

рахмет көөөп көөөп рахмет

Аружан

Кооп рахмет издегенимди ап сатте тауып алдым

Рухнуддин

Рахмет сіздерге

Рухнуддин

Рахмет

Хз

Мощщщ

Ешкім

Рақмеееет

Тауып көр

Рахмет керек кезінде таптым

Арайлым

Пайдама жарады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз