МҚБЖ (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) туралы кішкене мәлімет

Басты бет / Ақпараттық технология / Қызықты әрі пайдалы деректер / МҚБЖ (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) туралы кішкене мәлімет

МҚБЖ (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) туралы кішкене мәлімет — Қызықты әрі пайдалы деректер тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтау және оларды өңдеу (алу, өзгерту, мәліметтер қосу т.с.с) мәселесі, бірінші компьютерлер ойлап табылғаннан бастап-ақ күн тәртібіне қойылды. Осы мәселені шешу мақсатында 20-ғасырдың 60-жылдарының соңғы жағында МҚБЖ (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) деп аталатын арнайы программалар жазыла бастады.

МҚБЖ өзінің даму жолында файлдарды басқару жүйесінен бастап, иерархиялық және жүйелік мәліметтер қорын басқару жүйелерін басынан өткерді. Сөйтіп өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында барлық жерде «Релациялық Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі» кең қолданыла бастады. Әр МҚБЖ өз сұрау тіліне ие еді, бұл жағдайды бір қалыпқа келтіру үшін SQL (Structured Query Language) деп аталатын бір тіл жасалды. Бұл тіл арқылы релациялық мәліметтер қорындағы мәліметтер басқарылады.

Мәліметтер қоры мен МҚБЖ-ларды бір-бірімен шатастырмаған жөн. Мәліметтер қоры МҚБЖ-лар көмегімен басқарылады. Осы басқару барысында SQL тілі қолданылады. Дегенмен, көбінесе Мәліметтер Қоры деп МҚБЖ-ларды атайды.

Мәліметтер қорының мынадай түрлері бар:

1. Файлдарды басқару жүйесі

2. Иерархиялық

3. Жүйелік

4. Релациялық

5. Объектіге бағытталған

6. Гибридті

Назар аудар:

Ғаламтор тарихы

DNS-кешті қалай тазалау керек және бұл не үшін қажет



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Ерсин Набиев

Керемет тусиникты жазылган

Аяна

Өте пайдалы мәлімет

Пікір қалдырыңыз

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қызықты әрі пайдалы деректер бойынша басқа мақалалар мәліметтер қоры бойынша мақалалар деректер қоры бойынша мақалалар sql бойынша мақалалар деректер қоры тарихы бойынша мақалалар maralbek_89 жариялаған мақалалар