Масс-медиа өнімдерінің жеке парақшалары
Әлеуметтік желілерде ашылған масс-медиа өнімдерінің жеке парақшалары БАҚ-тың дамуына келесідей үлес қосуда:
• Оқырманмен кері байланыс, яғни хат алмасу, пікір қалдыру, парақшасына бөлісу сияқты әлеуметтік желінің мүмкіндіктерін пайдалану;
• Әлеуметтік желіде басылым, не радио-телебағдарламаның парақшасын жүргізу арқылы аудитория жинау;
• Белгілі бір контент арқылы достастықтар құру;
• Өзге басылымдардың, радио немесе телехабарлардың жарияланымдарын бақылау мүмкіндігі;
• Қоғамда резонанс тудырған жаңалықтарды табу, оқиға куәгерлері мен қатысушыларымен әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығып оперативті түрде хабар тарату;
• Оқырман немесе көрерменмен тікелей байланысқа шығу үшін парақашаға жазылушылардың тізімін және олардың координаттарын білу;
• Әлеуметтік желі қолданушылары өз ұсыныс, пікірлерін әлеуметтік желіде айтып, сонан соң БАҚ-тың ресми сайтына материал жариялай алуы;
• Жарнамамен айналысу, ол үшін әлеуметтік желідегі парақша жазылушыларына анализ жасау, олардың жас мөлшері, қай аймақта көп шоғырланғандығы, қай уақытта әлеуметтік желіні белсенді қолданатынын біліп алуы тиіс;
• Журналистер көше жағалап респондент іздеп кетпей-ақ Интернет бетінде отырып та белгілі бір оқиға, тақырыпқа сауалнама жүргізу, пікір жинау сияқты жұмыстарды әлеуметтік желі қолданушыларынан біліп алады;
• Әлеуметтік желідегі тікелей эфир жүргізу мүмкіндігін пайдалана отырып парақшаларынан маңызды оқиғаларды онлайн трансляция жүргізу мүмкіндігі;
• Онлайн-басылымдар мен блогтарды дамыту;
Жоғарыда айтылған мүмкіндіктер БАҚ-тың инновациялық маркетингтік коммуникация жасауына, аудиториямен байланыс орнатуына мүмкіндік береді. Бізде бар мәліметтерге сәйкес 2014 жылдың өзінде «Ақпараттық Қазақстан-2020 (мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің елде 800-ден аса БАҚ электронды форматқа ауысып, Интернет бетінде өздерінің сайттарын жасаған.
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі