Өлең, жыр, ақындар

Халық неліктен ауылдан көшіп кетуде?

Ауыл - қазақ халқы үшін әр уақытта рухани бесігі болып есептелді. Ауыл - халқымыздың барлық құндылықтары мен салт-дәстүріміздің шыққан жері. Ауыл өмірін ойлағанда ойымызға ең алдымен таза ауа, жазық дала, биік таулар, жап-жасыл ормандар,сарқыраған көлдер мен өзендерді көз алдымызға елестейміз. Қаланың у-шу өміріне қарағанда ауылдың жайбарақат, беймарал тыныш өмірі көп адамдарға жақын. Алайда соңғы жылдарда ауыл тұрғындары өз ауылдарынан қалаға немесе басқа жерлерге көшуде. Бұған не себеп? Қандай проблема туындауда? Осы мәселені талқылап көрсек.

Қазіргі кезде ауылдардың әлеуметтік жағдайы төмен деңгейде, яғни айтқанда ол инфрақұрылымның жоқтығына байланысты. Мысалға, ауыл тұрғындарының кейбіреулерінде қарапайым баспаналары жоқ, ал баспанасы барларда жарық, жылу немесе ауыз су алумен белгілі бір проблемалар бар. Онымен қоса жолдардың дұрыс жөнделмегеніде айта кеткені жөн. Ауылдық жерлердегі өнім шшығаратын зауыт, фабрикалардың адамды жұмыспен қамтығаны мен қоршаған ортаға шығарылатын химиялық қоқыстары мен түтіндері экологияның бүлінуі мен сол жерде жұмыс жасайтын адамдардың денсаулығына зиян тигізеді. Сол жерлерде ауыл тұрғандарына денсаулық жағынан талап етілетін сапалы, жоғары деңгейдегі ауруханаларда аздау. Оның ішіндеде керекті барлық дәрі-дәрмектер немесе аппараттар жеткіліксіз. Соған байланысты ауыл тұрғындарының көпшілігі басқа алыс жерлерден жақсы ем алуға мәжбүр болады, бірақ оған көбінің қаражаты жетпейді.

Ауылдан қоңыс аударудың немесе кәсіби мамандардың ауылға қарай бармауының басты себептерінің бірі ол жұмыс орындарының жетіспеуі немесе болмауы. Бұл жайлы 2020 жылы "Ауыл партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков: "Ауылдардағы жұмыссыздық деңгейі 90 пайыздан асып кетті" деп айтып кеткен болатын. Сонымен қатар "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы 19-23 және 24-28 жастағы ауыл-аймақтағы тұрғындары арасында жүргізген сауалнамасы бойынша 40% азық-түліктің жетіспеуі мен жалақының төмен екендігі туралы сөз қозғады, ал 38% жұмыссыздық мәселесін қозғаған болатын. Негізі жұмыссыздық факторы әлеуметтік жағдайды төмендететін басты себептерінің бірі.

Әлеуметтік жағдайдың жасалмауына байланысты білім деңгейіде түседі. Көбінесе орта білім беретін мектептерде оқушыларға толыққанды білім алуға жағдай жасалмаған. Мектептерде зертханалық жұмыс жүргізуге арнайы жабдықтар мен кабинеттер, кейбір пән сабақтарына мамандар жетіспей жатады. Тіпті кәдімгі кітапханаларда оқушыларға кітаптар жетіспеуімен қатар ғаламторға шығу мүмкіндік болмай жатады. Пандемия уақыты кезінде ауыл-аймақтардың онлайн оқуға мүмкіндік жоқ екені анық байқалды. Бұл факторлар оқушылардың білім жағынан мүмкіндіктерін шектеді деп есептеймін.

Айтылған проблемалар бір-бірімен байланысты екені сөзсіз және оларда шешуге болады. Соған байланысты "Nur Otan" партиясының 18 съезінде "Ауыл - ел бесігі" атты жобасы қабылданған болатын. Бұл жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. "Ауыл ел бесігі" жобасы аталған 2025 жылға дейін жүзеге асырылып, ауылға және ауыл тұрғындарына жақсы жағдай жасалатынына үміттенемін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз