Мамандық - жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Оның бірі жар таңдау, екіншісі мамандық таңдау. Сенің таңдаған мамандығың сенің болашағың. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Мен осы мамандықтардың ішінен журналистиканы таңдадым.Көп адамдар жалақысы жоғары кәсіптерді ғана қарастырады. Мен мұндай оймен келіспеймін. Ең бастысы – таңдалған мамандық ләззат әкелуі керек. Уақытымыздың көп бөлігін жұмысқа арнағандықтан, ол біздің мүдделеріміз бен мүмкіндіктерімізге сәйкес келіп, қуаныш әкелгенін қалаймыз. Адам жұмысқа ақша қажеттілігі үшін емес, өз ісін ұнатқандықтан баратын болса, бұл оны бақытты етеді.
Сізге сәйкес келмейтін мамандыққа оқуға түсіп қойсаңыз, мұнаймаңыз. Егер тырыссаңыз, өмірде бәрін түзетуге болады. Барлығы өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз.
Сәлімгерей Дильназ
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі