Өлең, жыр, ақындар

Қазақ халқының мәдениеті

Өндірістік тәжірибе жетекшісі Есболова Мөлдір Ауелтаевна.

Жексенбинова Жұлдыз, “Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті” , “Философия және Саясаттану факультеті” , “Дінтану және Мәдениеттану кафедрасы” , Мәдениеттану мамандығының  3 курс студенті.

Қазақ мәдениеті

Қазақ мәдениеті - қазіргі Қазақстан аумағында бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының мәдениеті. Қазақ халқы ежелден бері өзінің қонақ жайлылығымен таныс, және де бұл біздің мәдениетіміздің үлкен бір бөлшігі болып саналады. Қазіргі таңның өзінде де Қазақстан Республикасы басқа ұлттар мен елдердің көзінде өзінің қонақжайлылығы үшін жылы лебіздер алып жатады, бұл біздің әдемі мәдениетіміздің бір бөлігінің өзі мақтанарға тұрарлық нәрсе деп есептеймін. Менің ойымша тағыда айтуға тұрарлық мәдениеттің  бірі – ол біздің «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген мысалдан туған біздің бір-бірімізге деген сыйластық. Қонақжайлылықтың өзі, адамдардың бір-біріне деген сыйластығынан туған нәрсе деп ойлаймын. Айналып келгенде бәрі бір-біріне тікелей байланыстыы болып шығады. Қазақ балалары әрдайым үлкеннің сөзіне қарсы шықпаған, өйткені үлкен кісілер өзінің өмірлік тәжірибесіне байланысты дана және ақылды болып есептелінген, сондықтан да балалары ата-аналарының сөзіне әрдайым құлақ түрген және өте қатты сыйлаған. Бұл кезде ананың орны мүлдем бөлек ерекше орында болған, ер жігіттер алыс сапардан үйіне оралғанда біріншіден анасына сәлем берген, одан кейін әкесіне. Бұл анаға деген сыйластық, жалпы қазақ қыздарына деген сыйластықты көрсетеді. Қазақ халқы қыздарын өте ерекше орынға қойған, нәзік жандарға кішкентай кездерінен қамқорлықпен қараған, сондықтан да мен Қазақ халқын өте дана халық деп есептеймін.

Жалпы Қазақ мәдениетін сипаттайтын көптеген заттар бар, соның ішінде:  Киіз үй, қазақтың ұлттық киімдері, тақия, сәукеле сияқты тұрмыстық заттар бар, және де домбыра, қобыз деген сияқты күй шертетін музыкалық астаптарда біздің мәдениетті жақсы сипаттайды. Қазақ халқының әрбір күні мереке деп айтсам қате айтпаймын деп ойлаймын, өтйкені ежелден бері қазақ халқы өте көңілді, әр күні ән мен биге толы халық болған. Соның ішінде қазіргі күнге дейін жалғасып келе жатқан танымал мерекелердің бірі Наурыз. Наурыз-Иран және түркі халықтарының астрономиялық  күнтізбесі бойынша көктемнің келу мерекесі болып есептеледі. Наурыз мерекесінде көптеген қызықты ойындар ойнатылады, күй шертіледі, балалар алтыбақан деген алты бағандағы әткеншекте ойнайды және де өте көптеген қызықты жарыстар өткізіледі. Әрине қазақтың ен дәмді тағамдарының бірі Наурыз көже туралы ұмытуға болмайды, оны әрбір қазақ Наурыз мейрамында сүйсініп ішеді.

Қазақ мәдениеті ежелден бері келе жатқан өте әдемі мәдениеттердің бірі. XXI ғасырда Қазақстан мәдениеті әлемдік қоғамдастыққа табысты еніп келеді, және де халық дәстүрлері мен салттары ұқыпты сақталуда. Қазақстанның мәдениетімен еліміздің көптеген мұражайларында, фестивальдар мен мерекелерде танысуға болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер