Көшпенділер трилогиясы — Тарих тақырыбы бойынша жарияланған материал. Бұл бетте тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірме және пайдалы деректер берілген.
Ілияс Есенберлин қазақ жазушылары арасында ең көп роман жазған жазушы. Жазушының бас-аяғы 17 романы жарық көрген. Автордың бұл туындыларының ішінде «Көшпенділер» трилогиясының орны ерекше.
Трилогия Қазақ хандығының құрылуынан бастап Кенесары ханның өліміне дейінгі бес ғасырды (яғни, 15-19 ғасырлар) суреттейді.
Тарихи роман «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» секілді үш бөлімнен тұрады. Әр бөлім белгілі бір кезеңді қамтиды. Мәселен, «Алмас қылышта» Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан бөлініп, Дешті Қыпшақ даласында жеке ұлыс құруын баяндайды. Романда қазақ руларының бір шаңыраққа топтасып, хандық құруы, Керей мен Жәнібектің ел билеуі, халық тұрмысы әңгімеленген.
«Жанталас» Қазақ хандығының аумалы-төкпелі кезеңі жайлы. Екінші бөлімде Қазақ хандығы бір уақытта бірнеше жаумен қатар шайқасуға мәжбүр болғаны жазылған. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі «Ақтабанды шұбырынды, Алқакөл сұлама», сол кездегі қалың бұқараның жай-күйі, үш жүздің бірігіп, жау әскеріне төтеп беруі әсерлі суреттелген. Сондай-ақ, шығыста Қытай, оңтүсітікте Хиуа, Қоқан хандықтарымен болған ұрыстар жазылып, Кіші жүздің Ресей құрамына кірумен аяқталады.
Үшінші бөлім, яғни «Қаһар» романы Ресейдің қазақ топырағын ашық отарлауы,бұған Кенесары ханның қарсы шығуынан тұрады.
Ілияс Есенберлин «Қаһар» арқылы Кенесары Қасымұлының қазақ жүздерін бір байрақ астына топтастыруға тырысқанын, қазақ жазирасын жақсы білгендіктен дұшпанды талай сан соқтырғанын керемет өрнектейді. Бөлім соңы Кенесары ханның қырғыз манаптары қолынан қаза табуымен аяқталады.
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы қазақ тарихы жайлы жазылған ең құнды туынды.
Ілияс Есенберлиннің туындылары
Ілияс Есенберлиннің нақыл сөздері
Көшпенділер трилогиясы туралы негізгі мәліметтер мен мазмұн осы бетте берілген.
Бұл материал Тарих бөліміне жатады.
Беттің төменгі жағындағы қатысты жазбалар мен тақырыптық сілтемелер арқылы ұқсас материалдарды қарай аласыз.
Бұл бетте Көшпенділер трилогиясы тақырыбына қатысты материал жарияланған. Мақала Тарих бөліміне жатады. Осыған ұқсас жазбаларды төмендегі сілтемелер арқылы қарай аласыз.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі