Балық экспортының бүгіні мен ертеңі
Қазақстан – ерекше континентті табиғат пен табиғи ресурстарға бай ел. Осы тұрғыдан алып қарастырсақ, елімізде агро-өнеркәсіп кешенінің маңызды бір саласы, балық шаруашылығын кеңінен өрістеп келе жатқан салалардың бірі деп зор мақтанышпен айта аламыз. Балықтардың сан түрі кездесетін еліміздің экономикасына да тап осы балық ресурстарының үлкен әсері бар сал екенін айта кетпесе болмас. Себебі балық экпорты жағынан Қазақстанның әлеуеті әуелеп-ақ тұр.
Ресми деректерге сүйенер болсақ, Қазақстан 36 мемлекетке жалпы саны 30 мың тонна балық экспорттайды екен. Соның ішінде балықтың тоңазытылған еті, кептіріліп-ысталған өнімдер мен балықтың жон еті кеңінен таралған. Дәлірек айтар болсақ, Нидерланды, Германия сияқты елдер үшін көксеркенің жон еті Қазақстандық бренд болып есептелінеді. Ал кептіріліп-ысталған, тұздалған өнім түрлері болса, Грузия, Норвегия, Польша, Қырғызстан, Қытай, Чехия, Румыня, Украина,Тәжікстан, Ресей, Литва және тағы да басқа көптеген елдерге таралады. Жалпы аталмыш өнімдерден жылына 60 млн АҚШ долларына жуық қаражат түседі.
Жалпы балық өнімдерінің нарығы жағынан елімізде балық шаруашылығымен айналысатын 1000-нан аса кәсіпорындар бар. Кәсіпорындардың басым көпшілігі еліміздегі ірі су айдындарына жақын орналасқан. Олардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы мен Атырау аймағы ауланған күйіндегі және Батыс Қазақстан облысы консервіленген түрдегі балықтарды өндіруден алдыңғы орында. Ал алдағы уақытта осы салада нәтижені арттыру үшін өзендер мен су қоймаларында және балық ауланатын су айдындарында балық өсіру жұмыстарын жүйелі жоспарлау қолға алынбақ. Себебі балықтың уылдырықтарын, ұзақ сақтауға арналған консервіленген түрлерін, сонымен қатар брендтік ерекше балық еттерін де экспарттауды дамыту көзделген. Осы мақсатта еліміздің шығыс өңірінде қызыл балық (форель), Сүйрік, Көксерке, Ханбалық өсіру қолға алынған. Тіпті биыл бұл өнімді брендке айналдыру мақсатта тұр.
Алайда аталмыш балық өнімдерін тұтыну елімізде жан басына шаққанда жылына тек 4 келіні құрайтын болса, алыс-жақын шетелдерде бұл көрсеткіш 4-5 есеге көп. Сондықтан өз өнімдеріміз елімізді толық қамтамасыз етуге толығымен қауқарлы. Бірақ Қазақстан Отандық балық өнімдері жағынан елімізді тек 50 пайыз ғана қамтамасыз етіп отыр. Ал қалған қажеттіліктер импорттар арқылы толықтырады. Ол аз десеңіз, балық өнімдерінің бағасы елімізде күннен күнге шарықтап-ақ бара жатыр. Оның ішінде жаңа ауланған және мұздатылған балықтар зор сұранысқа ие. Сол себептен де олардың құны былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда көтерілген. Тіптен өткен жылдармен салыстырғанда тұздалған, ысталған балықтар 16 пайызға, консервіленген балықтардың бағасы 10 пайызға өскен көрінеді. Әсіресе Атырау мен ел астанасы Нұр-Сұлтан қалаларында бағаның ең қымбат көрсеткіші белгіленген болса, ең арзан балықтарды сәйкесінше Павлодар аймағынан таба аласыз. Осылайша сыртқы экспортпен қатар ішкі нарықтық бағалар да жарыса көтеріліп келе жатқан балық шаруашылығының да өзіндік ақсап тұрған тұстары бар. Ішкі сұранысты толықтай қанағаттандыра алмай отыруына байланысты жоғарыда аталған фактілерге қарамастан елімізде балық шаруашылығының мүмкіншіліктері әлі де толыққанды пайдаланылмаған деген тұжырымға келеміз. Мұның өзіндік себептері де аз емес.
Қамбар Сейтхан Махсатұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі