Баяғыда ата-әжелерімізден жиі еститін бір дұға бар еді. Әр сәтте «Йа Раббым, осы күнімізді аңсатпа» деп Аллаһу та’алаға жалбарынатын. Ол кезде бұл дұғаның маңыздылығын онша түсінбейтін едік. Ал қазіргі өзгерістерге қарап, әр келген күннің өткен күндерді қалай аңсатып жатқандығын байқайтынсыңайлымыз.
Бұл жылдам түрдегі өзгерістерді көп тақырыптарда байқамауымыз мүмкін. Кинотеатрлар енді-енді жайыла бастаған 70-жылдарда ата-аналар балаларының мінез-құлықтары бұзылмасын деп кинотеатрларға жібермейтін. Балалар киноға тығылып, жасырынып баратын еді. Қазір сол ұнатпайтын ескі киноларға қарасақ, кейбірлерінде тәрбиелік мәндегі әдемі жолдаулар болады. Мысалы, әнші, әртіс болу үшін үйінен қашқан қыздар жаман жолдарға түсіп кетеді. Соңында кино «Үйден қашып кетпегенімде, басыма осы күндер түспес еді» деген жолдаулармен бітетін еді. Ал қазіргі кинолар үйден қашып кетпеу емес, қашып кету керек деген астарлы жолдаулармен бітуде.
Бұдан да бетері, осындай теріс тәрбиелік мәндегі киноларымыз уақыт өте келе теледидарлармен бірге үйлерге дейін кірді. Балаларының әдептерімен мінез-құлықтары бұзылмасын деп кинотеатрларға жібермеген ата-әжелер келіндері және есейген қыздарымен бірге отырып кино, сериалдар көре бастады.
Интернет шығып бүкіл шектеулер, цензуралар жойылды. Әртүрлі әдепсіздіктер үйлерге кірді. Жігіттердің қыз, қыздардың жігіт табулары үшін көшеге шығып іздеудің керегі де болмай қалды. Осылардың бәріне қарамай, үмітті үзбей қолымыздан келгенше өзімізді және балаларымызды бұл қауіптен сақтауға әрекет жасауымыз керек және тәрбиелеріне мән беріп, шектен шығырмауымыз керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі